0 ? true : false" />
Қаз
Қазақша
Русский
English
Кіру
Тіркелу
Лентаға оралу
К
Кырмызы Нурпеисова
Негізін қалаушы
Қатысушы
1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы
Жазылу
Жарияланымдар
Мақалалар
Жауаптар
Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай?
Еңбек жолымның алғашқы жылдарында сабақ үстінде «Тыныш отырыңдар!», «Мен айтқандай орындаңдар!» деген сөздерді жиі қолданатынмын. Ол кезде мұғалімнің басты міндеті – тәртіп сақтау, оқушыға білімді дайын күйінде жеткізу деп түсінетінмін. Уақыт өте келе педагогикалық тәжірибем мен кәсіби ізденістерімнің нәтижесінде бұл көзқарасым өзгерді. Әр баланың қабылдауы, ойлауы, қызығушылығы әртүрлі екенін түсіндім. Оқушыны тыңдау, оның пікіріне құрметпен қарау және өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру маңызды екенін ұғындым. Қазір бұрынғы сөздердің орнына «Сенің пікірің қандай?», «Осы мәселені қалай шешер едің?», «Өз ойыңды дәлелдеуге тырысшы», «Қателесуден қорықпа, бірге ізденейік!» деген сөздерді жиі қолданамын. Мен үшін мұғалім болу – тек білім беру емес, баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру, ойлануға, ізденуге және өз мүмкіндігін ашуға жетелеу. Ұстаздық тәжірибем маған нағыз оқыту бұйрық беруден емес, сенім мен диалогтан басталатынын үйретті.
Менің кейсім
23 қараша
1 минуттық оқу
items = items.filter(i => i.id !== id), ok ? 4500 : 2600)">