Жұлдыз Кенжалина
Қатысушы
Бірде 2-сыныпта «Ә» әрпін өтіп жатқан едік. Бір оқушым қолын көтеріп: «Апай, әріптер неге ұйықтамайды?» деп сұрады.
Мен жоспар бойынша әрі қарай дәптерге жаздырмақ болдым. Бірақ сол сұрақтан кейін сабақты тоқтатып, «Ал, әріптер ұйықтаса не болар еді?» деп өздерінен сұрадым.
Балалар бірден қиялдап кетті. Бірі «кітаптар сөйлемей қалады» деді, бірі «ертегі болмайды» деді. Сол күні біз әріптерді ұйықтатпай, олармен ертегі құрастырдық.
Сол сәтте түсіндім: бастауышта ең маңыздысы — жоспар емес, баланың қиялы мен сұрағы екен. Сол күннен бастап баланың «неге?» деген сұрағын тоқтатпай, сабақты сол сұрақтан бастауға тырысамын.
Менің кейсім
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.