Гүлнұр Әшім
Қатысушы
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!
Менің есімім — Гүлнұр. Түркістан облысы, Ордабасы ауданынына қарасты ауыл мектебінде ДОЖЖО қызметін атқарамын, сонымен қатар математика пәнінің мұғалімімін. Оқу ісінің ұйымдастыруы мен математиканы оқытуды қатар алып жүру — оңай емес, бірақ қызықты. Бір жағынан құжат, жоспар, бақылау болса, екінші жағынан балалармен тікелей жұмыс. Осы желіде әсіресе ДОЖЖО ретінде жұмыс істейтін әріптестеріммен тәжірибе алмассам деймін. Сіздерде оқу жұмысын ұйымдастыруда қандай қиындықтар жиі кездеседі? Әдістемелік көмекті қалай ұйымдастырасыздар?
Танысқаныма қуаныштымын!
Кәсіби сұрақ
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.