Мәтіндік ЖИ бойынша берген тапсырмам
Сыныбымда мынадай жағдай болды қазақ тілі мұғалімімін, соңғы 5-6 жылда басшылық қызметте жүргесін, пән мұғалімдерінен қалған сағаттарды қанағат ететінмін. Биылғы оқу жылында толық 23 оқушысы бар 5-сыныпқа сабақ беру бақыты бұйырды. Оқушылар сынып толымдылығына байланысты екі сынып қосылып кеткен. Бейімделу бар, менің бейімделуім бар, әйтеуір ана сыныпты тыныш күйде ұстау маған мұң болды. Бір күні сабақта ЖИ ды пайдалануды жоспарлап, өзім қолданатын екі мәтіндік ЖИ құралына сұраныс беріп, екеуінің жауаптарын салыстырып, бүгінгі өткен тақырыпқа қатысты қорытынды жасау тапсырмасы берілген еді. Оқушылардың қызығушылығы жоғары болды, "сенікі қандай? менікі мұндай" деп бір-бірімен пікір алмасып, жақсы нәтижеге жете білді. Оқушылардың бірі: "екеуі де шатасып тұр, сіз сияқты талдап тұрған жоқ" - дейді. Екіншісі: "біреуі дұрыс айтты, екіншісі қателесті" дейді. Нәтижесінде ЖИ дің берген жауабын, мәліметін, ақпаратын нақты ақпараттармен сәйкестендіріп барып, пайдалануды түсінді. Бүгін бірінші реті оқушыларымның шулап, жұмыс жасағанына қатты қуандым.