Курстан түйген ең басты ойым «Қауіпсіз білім беру ортасы: буллинг және кибербуллинг жағдайларының алдын алу» тақырыбындағы сабақ мен үшін өте маңызды әрі мазмұнды болды.
Сабақ барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептегі қолайлы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері терең қарастырылды.
Әсіресе, әрбір оқушының өзін қауіпсіз сезінуі, өз ойын еркін жеткізуі және құрметке ие болуы – білім беру ортасының басты құндылығы екеніне көз жеткіздім. Бұл сабақ педагогтің тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар оқушының жан дүниесін түсінетін, оның құқығы мен қадір-қасиетін қорғайтын тұлға екенін тағы бір мәрте айқындады.
Қауіпсіз мектеп – қорқынышсыз білім, сенімге негізделген қарым-қатынас және мейірімділік үстемдік ететін орта. Ал мұндай ортаны қалыптастыру әр педагогтің кәсіби жауапкершілігі мен адамгершілік ұстанымынан басталады.
Курс мазмұны тәжірибемді толықтырып, кәсіби көзқарасымды кеңейтті. Алған білімімді күнделікті педагогикалық қызметімде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін құнды сабақ болды.
Ұйымдастырушылар мен сабақ жүргізуші мамандарға өзекті тақырыпты жоғары деңгейде жеткізгені үшін алғыс білдіремін!