Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуда оқушылардың Speaking дағдысын дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кейбір оқушылар грамматикалық ережелерді жақсы меңгергенімен, өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізуге қиналады.
Сіздер сабақ барысында оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыру үшін қандай тиімді әдіс-тәсілдерді қолданасыздар?
Топтық жұмыстар, рөлдік ойындар, пікірталас, диалог құрастыру немесе заманауи цифрлық платформалардың қайсысы жақсы нәтиже береді?
Кеңес керек