Beyim Ustaz
Вход Регистрация
Назад к ленте
Гулимжан Хабиденова Основатель

Pisa талаптарына негізделген математикалық сауаттылық бағдарламасы

1 минута чтения

Математиканы өмірмен байланыстыру – тиімді оқытудың негізі«PISA талаптарына негізделген математикалық сауаттылық» авторлық бағдарламасы аясында 4-сынып оқушыларына арналған «Монополия» ойынының желісімен әзірленген «Отбасылық бюджет» ойыны қолданылды.

Ойынның мақсаты – оқушыларға математикалық есептерді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып шығаруды үйрету.

Ойын барысында оқушылар отбасылық кіріс пен шығысты есептеп, тауар бағаларын салыстырды, бюджетті жоспарлады, ақшаны тиімді жұмсау және үнемдеу бойынша шешімдер қабылдады.

Ойынның тиімділігі: оқушылар математикалық білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдануға, өз шешімдерін негіздеуге, салыстыруға және қаржылық тұрғыдан сауатты ойлауға дағдыланды.

Бұл тәжірибе математиканы тек есеп шығару пәні ретінде емес, күнделікті өмірде қажетті білім құралы ретінде қабылдауға мүмкіндік берді.Математикалық сауаттылық – есепті шығару ғана емес, білімді өмірде қолдана білу!

Автор: Хабиденова Гүлімжан Амангелдіқызы

Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектеп

Методическая находка
Ответить 1 минута чтения Прочитали: 7
Войдите, чтобы поделиться своим опытом.

Будьте первым, кто ответит

300 голосов педагогов

Станьте одним из первых 300 авторов Beyim Connect

Задайте коллегам профессиональный вопрос или поделитесь приёмом, который сработал. Первые 300 авторов навсегда получают статус «Основатель Beyim Connect» и награду «Первый голос».

Осталось 81 место из 300 Учитывается первая одобренная публикация; ответы под публикациями не учитываются.
Войдите, чтобы опубликовать. После входа окно публикации откроется сразу.