Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Н
Нурбубі Жанайбек Әр балаға жол табатын педагог Негізін қалаушы

ЖИ дәуірінде оқытудың жаңа тәсілдері

1 минуттық оқу

Қазіргі таңда жасанды интеллект білім беру саласына қарқынды еніп келеді.

Жасанды интеллектті оқушыларға дайын жауап алатын құрал ретінде емес, өздігінен ойлауға, зерттеуге және жаңа жобалар жасауға көмектесетін көмекші ретінде қалай үйретуге болады?

Сабақтарыңызда осы бағытта қандай әдістерді, платформаларды немесе тапсырмаларды қолданып жүрсіздер? Нәтиже берген тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер.

Кеңес керек
2 жауап · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 1 минуттық оқу Оқығандар: 20
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.

2 жауап

А
Альбина Муратбекова 15 сағат бұрын
ЖИ дәуірінде математиканы оқытуда баланы өздігінен ойлануға, шешімін түсіндіруге және тексеруге үйрету маңызды. Мысалы, «ЖИ қатесін тап» әдісін қолдануға болады: мұғалім алдын ала тексеріп, бір қате енгізген есептің шешімін ұсынады. Оқушылар қатені тауып, дұрыс жолын дәлелдейді. «Алдымен өзің шеш, кейін салыстыр» тәсілі де тиімді. Бала есепті өзі шығарып, содан кейін ЖИ ұсынған шешіммен салыстырады. «Қай тәсіл түсініктірек?», «Жауапты қалай тексереміз?» деген сұрақтарды талқылайды. ЖИ көмегімен оқушылардың деңгейіне сай тапсырмалар, логикалық ойындар, күнделікті өмірге байланысты есептер дайындауға болады. Мысалы, дүкендегі сауда, уақытты жоспарлау, жол қашықтығын есептеу сияқты тапсырмалар баланың қызығушылығын арттырады. Бастауышта ЖИ материалдарын мұғалім іріктеп, дұрыстығын тексеріп ұсынғаны жөн.
Ж
Жадыра Байсарыева Сабақ шебері 9 сағат бұрын
ЖИ дәуірінде математиканы оқытуда баланы өздігінен ойлануға, шешімін түсіндіруге және тексеруге үйрету маңызды. Мысалы, «ЖИ қатесін тап» әдісін қолдануға болады: мұғалім алдын ала тексеріп, бір қате енгізген есептің шешімін ұсынады. Оқушылар қатені тауып, дұрыс жолын дәлелдейді.
Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 158 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.