Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 5–6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын «Жаңалыққа қадам» ашық есік күніне шақырады! Қатысушылар мектепті аралап, қызықты химиялық және физикалық тәжірибелерді тамашалайды, зертханалық жұмыстарға, логикалық және зияткерлік ойындарға қатысады. Бағдарламада STEM кабинетімен, робототехникамен, оқушылардың жобаларымен, кітапханамен және жылыжаймен танысу қарастырылған. Сондай-ақ мектептің оқу бағдарламасы мен қабылдау емтиханы туралы ақпарат беріліп, сұрақтарға жауап ұсынылады. Іс-шара сағат 09:00–13:00 аралығында өтеді. Қатысу құны — 2000 теңге. Алдын ала онлайн тіркелу міндетті.