Мектеп мұғалімі
Мектепішілік зерттеуден халықаралық масштабқа: Конференцияға мақала жазу мен жіберу жолдары
Бұл вебинар мұғалімдерге мектепішілік зерттеулерін кәсіби деңгейге көтеріп, халықаралық ғылыми қауымдастыққа ұсыну жолдарын үйретуге арналған. Вебинар барысында қатысушылар зерттеу тақырыбын дұрыс анықтау, ғылыми мақала құрылымын сақтау, академиялық жазу стилін меңгеру, сондай-ақ халықаралық конференцияларға мақала жіберу тәртібімен танысады. Практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар өз зерттеулерін сапалы мақалаға айналдырып, оны шетелдік конференцияларға ұсынуға дайын болады.
Онлайн
Вебинар
Ұзақтығы
5 күн ішінде 4 сағат
Ұйымдастырушы
НЗМ Қызылорда
Тренер
Құрақбаева А.С., Дихамбаева Г.С., Оспанова Е.Е.
Оқыту тілі
Қазақша, Орысша
5 600 ₸
Вебинар туралы

-Зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми мақаланың құрылымын түсіну, кіріспе және әдістеме бөлімдерін жазу жолдары;

-Мектепішілік тәжірибедегі жасаған жұмыстарын зерттеу жұмысына айналдыру;

-Рeer-review арқылы жазған жұмыстарын жетілдіру;

-Халықаралық конференцияларға мақала жіберудің нақты қадамдары.

-Оқыту барысында Mentimeter, Padlet, Jamboard, Plickers құралдарын қолдану.

Оқу аяқталғаннан кейін сіз үйренесіз
Ғылыми мақаланың құрылымын (IMRaD: Кіріспе–Әдіс–Нәтиже–Талқылау) дұрыс қолдануды меңгеруді;
Abstract (150–250 сөз) және keywords (3–7 сөз) жазуды;
Кіріспе және әдістеме бөлімдерінің алғашқы нобайын дайындауды;
Peer-review арқылы бір-бірінің мәтінін жетілдіру тәжірибесін.
Халықаралық конференцияға немесе журналға лайықты басылымды таңдау алгоритмін игереді.
Submission платформасында (EasyChair, ConfTool) мақала жіберу қадамдарын орындайды.
Мектепішілік зерттеуден халықаралық масштабқа: Конференцияға мақала жазу мен жіберу жолдары
5 600 ₸
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама онлайн форматында жүзеге асырылады және толығымен өздігінен және икемді өтуге бейімделген:
Сабақ кестесі
5 күн қатарынан 24–28 Тамыз 2026
Ұзақтығы
Онлайн, күніне 1 сағат
15:00 - 16:30 Астана уақытымен
Платформа
Zoom және оқу порталы Барлық материалдар қамтылған
Сізді не күтіп тұр:
Сертификат Вебинарға қатысқандығы жөнінде сертификат
Қысқа нұсқаулық (гайд) "Халықаралық конференцияға абстракт жазу және жіберу қадамдары" нұсқаулығы (PDF форматта)
Ресурс Абстракт жазудың тәсілдері, республикалық және халықаралық конференциялар тізімі мен сілтемесі.
Тегін кеңес алу

Біздің ұсыныстарымыз

  • Вебинар
    Мектепішілік зерттеуден халықаралық масштабқа: Конференцияға мақала жазу мен жіберу жолдары
    1 тыңдаушы үшін 5 600 ₸