2.2. Жүйеде тіркелу

Мұнда әлі ештеңе жоқ...
  1. Басты беттегі «Кіру» батырмасын басыңыз. (1-сур.)
1-сурет
  1. Ашылған мәзірден «Тіркелу» опциясын таңдаңыз. Осыдан кейін ЖСН енгізу терезесі ашылады (қ. сурет 2). Пайдаланушы келісімі сілтемесі «Тіркелу» батырмасының төменгі жағында орналасқан. Келісіммен танысып шығыңыз, ЖСН енгізіп, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз (осыдан кейін деректерді толтыруға арналған форма ашылады (қ. сурет 3)).
    Тіркеуді сәтті аяқтау үшін келесі қадамдарды біртіндеп орындаңыз:

  2. Тегі мен Аты (міндетті өрістер): Өз тегіңіз бен атыңызды енгізіңіз. Егер әкесінің аты жоқ болса, тиісті құсбелгіні қойыңыз.

  3. Өңірді таңдаңыз.

  4. Телефон нөмірі (міндетті өріс): Жарамды телефон нөмірін халықаралық форматта енгізіңіз.

  5. Электрондық пошта (міндетті өріс): Жеке электрондық поштаңызды енгізіңіз.

  6. Процесті аяқтау үшін «Код жіберу» батырмасын басыңыз.

Осыдан кейін көрсетілген нөмірге 6 таңбалы код жіберіледі, оны тиісті өріске енгізіңіз. (Егер бұрын дұрыс емес немесе белсенді емес нөмір енгізілсе, «Нөмір дұрыс енгізілмеген» сілтемесі арқылы оны өзгерте аласыз.)

Осы қадамдарды орындағаннан кейін тіркелгі сәтті жасалады және сіз Платформаны әрі қарай пайдалана аласыз.

Тіркеуден кейін пайдаланушының электрондық поштасына Платформаға кіру үшін нұсқаулық пен сілтемесі бар хабарлама жіберіледі. Құпиясөзді кез келген уақытта өзгертуге болады. Жеке кабинет аутентификация үшін қолданылады және ондағы барлық әрекеттер тіркелген пайдаланушының атынан жасалған деп есептеледі. Логин мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілуі тиіс.

2-сурет
3-сурет