Адайбекова Сымбат Байгалиевна

Талдықорған

4.2

Өзім жайлы

Статистика

Өткізілген курстар:

7

Курстан өткендер:

105

Пікірлер:

7

Байланыс

Пошта

adaybekova80@mail.ru

Тренер туралы

Сәлеметсіздерме! Мен – Адайбекова Сымбат Байгалиевна, Талдықорған қаласындағы ПШО филиалының шақыртылған тренермін. «Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауатттылықты қалыптастыру, сабақта білім берудің инклюзивті ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша, сонымен қатар «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» курстарының сертификатталған тренермін. Жалпы білім беретін мектепте 22 жыл ұстаз, физика пәнінің мұғалімі мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында 5 жыл көлемінде қызмет етіп, мол тәжірибе жинақтадым. Осы кезеңде мен Алматы облысы, Жетісу облысы, Республика көлемінде физика пәні мұғалімдерін оқытып, педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстарын өткіздім. 2022 жылы мектеп мұғалімдерді даярлауға арналған «Мектепте физиканы оқыту: жетілдіру бағыттары мен стратегиялары» курсын офлайн форматта өткіздім. Ұстаздардың «Физика» пәні бойынша құзыреттіліктерін арттыру курстарын жүргізудегі мақсатым - мектеп мұғалімдерінің кәсіби жоғарылауына пән бойынша білім беруді жоғары деңгейге шығаруға өз еңбегімді қосып келемін. Пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес іске асырудағы білім-білік дағдыларын тереңдету. Мүғалімге қиындық туғызатын тақырыптар бойынша физикалық есептерді шығарудың әдіс –тәсілдерін меңгертемін. Курсқа қатысушыларға қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, физика пәнінің есептерін шығару барысында әртүрлі цифрлық ресурстарды қолдану дағдыларын қалыптастырумен қатар кәсіби дәрежелерін практикамен ұштастыра оқытуға, білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату бағыттарына да аса назар аударамын. Сіздің кәсіби біліктіліктеріңізді айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ететін оқу курсына қатысуға шақырамын!

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту

Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: физика мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

Курстар

Онлайн

Топ жинақталуда

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: физика мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі

80 ак.сағат Қазақша

Басталуы:

10.11.2025

22 000 ₸