Пәндік құзыреттілік

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: физика мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі

Курс педагогтердің құндылыққа бағдарланған білім беру және физика мен жаратылыстану ғылымдарын тиімді оқыту саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар білім беруден оқушылардың дағдыларын дамытуға көшуге ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді меңгеріп, сонымен қатар қазіргі заманғы білім берудің негізгі компоненті ретінде функционалдық сауаттылық туралы түсініктерін тереңдетеді.

Курстың мақсаты

Физика және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің пәндік білімін және оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен цифрлық әлемдегі оқу дағдыларын дамытудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

құндылыққа негізделген оқу ортасын құру және оқушылардың цифрлық әлемдегі функционалдық сауаттылығын дамыту дағдыларын көрсетеді;

оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар әзірлейді және пәннің тәжірибеге бағдарланған бағытын жүзеге асыру арқылы сабақтар жоспарлайды.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Құндылыққа негізделген білім беру және функционалдық сауаттылық

Модуль 2. Тиімді оқыту және оқу: білімнен білік-дағдыларға

Топтар

Photo
Ербатырова Айжан Жумабаевна
80 ак.сағат

Онлайн

19.05-30.05

Қазақша

22 000 ₸

Photo
Акимжанова Айнур Аралбаевна
80 ак.сағат

Онлайн

26.05-09.06

Қазақша

22 000 ₸