Сәлеметсіздер ме? Менің аты-жөнім Маткеримова Зәуреш Әбдрәсілқызы. 2016 жылдан бері Педагогикалық шеберлік орталығында шақырылған тренер ретінде 4 бағдарлама бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізіп келемін. Әр тыңдаушының жеке қажеттілігін анықтау және жағымды қарым-қатынас орнату маңызды деп ойлаймын. Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімдерге қолдау көрсетуді негізгі міндетім деп түсінемін. Сондықтан оқыту курстарында алған білім, білік, дағдыларын мектепте өз іс-тәжірибесінде пайдалануға ықпал ететін семинар мен шеберлік сыныбын өткізіп тұрамын.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: физика мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі
"Тәжірибедегі рефлексия" мектеп тренерлерін оқыту курсы «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы
«Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы
Физика пәні мұғалімдерінің «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы
«Физика» пәні бойынша «Мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» курсы
Менің жарияланымдарым
"First and second laws of Thermodynamics" қысқа мерзімді сабақ жоспары «CLIL технологиясы: Қазақстан-Латвия» халықаралық жинағында жарияланды, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті оқытушыларының құрылымдаған «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді мазмұн мен тілді кіріктіріп оқытуда қолданылатын интерактивті әдістер жинағына» рецензент болдым, «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстан педагогтарының 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауының материалдар жинағында «Великий учитель вдохновляет: мой путь педагога и педагогическое мастерство» тақырыбында эссе басылып шықты,
"Ұстаз тілегі" Республикалық ұстаздар сайтында «Зерттеуге негізделген оқу. Қысқа мерзімді зерттеушілік жобасын ұйымдастыру» атты мақала жарық көрді
Менің марапаттарым
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медаль, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің "Алғыс хаты "мен «Құрмет грамотасы», "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ ПШО-ның "Алғыс хаты"
Курсты бағалау: 5.0 - 3 бағалау
Кашкинбаев Амантур Нуршабаевич
17.07.2023
Құлыбек Арайлым Елубайқызы
02.06.2024
Курс тренері Зауреш Маткеримоваға рахмет өте көп құнды білімдерімен бөліскені үшін.
Ким Елена Борисовна
19.01.2025
Ақылы кеңес
Маткеримова Зауреш Абдрасиловна
Тренермен кеңескіңіз келетін сұрақты таңдаңыз
Тренердің онлайн-консультациясының 30 минутының құны 3000 теңгені құрайды
Пікірлер (3)