Ошакбаева Аманкул Алдибековна

Талдықорған

5.0

Өзім жайлы

Статистика

Өткізілген курстар:

2

Курстан өткендер:

14

Пікірлер:

2

Байланыс

Пошта

oshakbaeva@cpm.kz

Тренер туралы

Сәлеметсіз бе, мен Ошақбаева Аманкүл Әлдибекқызы, Талдықорған қаласындағы ПШО филиалының қазақ тілінде оқытатын сертификатталған тренерімін. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында 12 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Осы кезеңге дейін 14 білім беру бағдарламасы бойынша республиканың 2500-ден астам педагогтарын оқыттым. Мен Жетісу өңірінің жалпы білім беретін мектептерінің тәжірибесіне «Lesson Study» әдісін енгізу бойынша үйлестірушімін. «Lesson Study» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 3 әдістемелік құралдың авторымын, ал, математика пәнінің мұғалімі ретінде «Математика» пәнінің әр саласын қамтыған 3 әдістемелік құралдың авторымын. 2023 жылы мемлекеттік колледждердің оқытушыларын даярлауға арналған «Колледжде математиканы оқыту: басымдықтары мен жетілдіру стратегиялары» атты білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобында болдым. ПШО Сараптамалық Әдістемелік Кеңесінің мүшесімін. Жалпыға бірдей білім беретін мектептерден тартылған 16 тренердің тәлімгерімін. Курс тыңдаушыларын оқыту кезеңінде жайлы оқу ортасын құруға, кез-келген мәселені өмірмен байланыстырып қарастыруға, тыңдаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданып көрсетуге баса назар аударамын. Егер Сіз қарқынды дамып келе жатқан XXI ғасырдың оқушыларын оқытуда тиімді әрі сапалы мұғалім болғыңыз келсе, өзіңіздің кәсіби құзіреттілігіңізді арттырғыңыз келсе, онда өзіңізді қызықтырған бағдарламаларды таңдап, курста оқуға шақырамын!

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

«Математика» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау

Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту

Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту

Мектептегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study

Колледжде математиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқыту мен оқудың ерекшеліктері

Деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамын оқытудың білім беру бағдарламалары

Білім алушылардың математикалық сауаттылығын дамытудың практикалық аспектілері

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: математиканы оқытудың тиімді тәжірибесі

Тиімді оқыту және оқу

Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық деңгей)

Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту

Цифрлық ортада математиканы оқыту: практикалық құралдар мен платформалар

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

Курстар

Онлайн

Топ жинақталуда

Цифрлық ортада математиканы оқыту: практикалық құралдар мен платформалар

80 ак.сағат Қазақша

Басталуы:

30.03.2026

23 000 ₸

Ресурстар

Оқыту әдістемесі мен технологиялары

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Баға:

950 ₸

Оқыту әдістемесі мен технологиялары

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ

Баға:

850 ₸

Оқыту әдістемесі мен технологиялары

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ

Баға:

850 ₸

Білім беру мазмұны және бағалау

ХИМИЯ ПӘНІНЕН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫН ӘЗІРЛЕУ

Баға:

850 ₸

Білім беру мазмұны және бағалау

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУ

Баға:

950 ₸

Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ?

Баға:

750 ₸

Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу

КАК ПРОВЕСТИ КАЧЕСТВЕННОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ УРОКА

Баға:

750 ₸