NIS START – болашақ 5-6-сынып оқушыларына арналған кешенді бейімдеу бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу ортасына дайындау, мектеп мәдениетімен, академиялық талаптарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
Бағдарлама математика, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі және STEM бағытындағы сабақтарды қамтиды. Сонымен қатар қатысушылар зерттеушілік дағдыларын дамытып, шағын жобалар орындайды, психологиялық тренингтерге, кураторлық сағаттарға және қосымша білім беру іс-шараларына қатысады.
Бағдарлама оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, оқу мотивациясын арттыруға және құрдастарымен тиімді қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік береді.