Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Бастауыш мектептегі STEAM оқыту: тиімді практика

Бағдарлама STEAM-оқытудың теориялық негіздерін меңгеруге, бастауыш мектеп оқушыларының STEAM-сауаттылығы мен 4K құзыреттерін қалыптастырудағы әдістемелік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ STEAM-тәсілдемелер қолданылатын кіріктірілген сабақтар мен жобалық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Курстың мақсаты

Тыңдаушылардың бастауыш мектепте STEAM оқытуды жүзеге асыруда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

STEAM оқыту арқылы бастауыш мектеп оқушыларының 4К дағдыларын дамыту туралы білімдерін тұжырымдайды;

ЅТЕАМ оқытуды ұйымдастыру үшін проблемалық, жобалық және зерттеу арқылы оқыту тәсілдемелерін жоспарлау бойынша практикалық дағдыларды игереді;

STEM білім беруді күнделікті оқытуға және сабақтан тыс жұмыстарға енгізудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Бастауыш мектептегі STEAM білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері

Модуль 2. Бастауыш мектептегі STEAM оқыту тәсілдемелері