Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Оқу және оқыту практикасында АКТ қолдану (базалық деңгей)

Курс мазмұны педагогтердің цифрлық білім беру ортасында, Интернетте қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету, оқу процесін ұйымдастыру үшін MS Office қосымшаларын және онлайн-сервистерді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Курстың мақсаты

Педагогтердің білім беру процесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын, цифрлық құзыреттілігін дамыту

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

оқу процесінде Интернет сервистерін, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалану, Microsoft Word және Microsoft Excel мәтіндік редакторларын қолдану арқылы сабаққа қажетті оқу дидактикалық материалдар әзірлеу дағдыларын жетілдіреді;

Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, интерактивті презентациялар әзірлеуді, онлайн сервистердің көмегімен аудио және бейнематериал әзірлеп оқу процесінде қолдануды үйренеді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Педагогтің АКТ құзыреттілігі. Білім берудегі ақпараттық қауіпсіздік және Интернет желісінің мүмкіндіктерін қолдану

Модуль 2. Оқу процесінде Microsoft Office қосымшаларын, аудио- және бейнередакторларды қолдану

Топтар

Photo
Обыдёнкина Лариса Валентиновна
72 ак.сағат

Онлайн

12.05-22.05

Қазақша

20 000 ₸

Photo
Обыдёнкина Лариса Валентиновна
72 ак.сағат

Онлайн

12.05-22.05

Орысша

20 000 ₸