Курс оказался невероятно информативным и глубоким. Подача материала заставляет не просто запоминать факты, а анализировать, мыслить системно и находить новые подходы к решению задач. Очень порадовала концептуальная четкость лекций , которая реально помогает расти. Обучение дало мощный интеллектуальный импульс и качественно новый уровень понимания.
Директордың орынбасарының басқарушылық құзыреттілігі: оқу процесін ұйымдастыру және мектеп ортасын дамыту
Бағдарлама туралы
Курс бағдарламасы директор орынбасарларының басқарушылық әлеуетін дамытуға және білім беру трансформациясы жағдайында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға, деректерге негізделген шешімдер қабылдауға және өзгерістерді басқаруға қажетті құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты
Мектеп директоры орынбасарларының оқу процесін ұйымдастыру және мектеп ортасын дамытуды басқару саласындағы басқарушылық құзыреттілігін дамыту және жетілдіру
Мақсатты аудитория
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, Директордың орынбасары, Директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Мектеп директорының орынбасары қызметінің нормативтік құқықтық негіздері және басқарушылық функциялары
Модуль 2 Инклюзивті білім беру ортасы мен мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастыру және басқару
Модуль 3 Басқарушылық міндеттер шеңберінде оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру
Модуль 4 Мектепішілік бақылау, деректерді талдау және мектеп ортасын дамыту
Оқу нәтижелері
- мектептің білім беру қызметін басқаруда және оны дамыту бағдарламасын директордың орынбасарының өкілеттігі шеңберінде іске асыруда нормативтік-құқықтық актілерді қолдану;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды, инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыруды және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын енгізуді қамтамасыз ету;
- оқу жоспарын, сабақ кестесін, цифрлық шешімдерді және оқу жүктемесін басқару тетіктерін пайдалана отырып, оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру;
- мектепішілік бақылауды, мониторингті және деректерді талдауды аналитикалық материалдар дайындау, басқарушылық шешімдер қабылдау және білім сапасын арттыру мақсатында пайдалану.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Жумакулов Оркен
ПШО тренері
Журба Лилия
ПШО тренері
Дильманов Бауыржан
ПШО тренері
Нуржаутов Сакен
ПШО тренері
Балапанова Жаныл
ПШО тренері
Бағдарлама рейтингі
Благодарю за конструктивный диалог, профессионализм и ценный вклад в повышение квалификации руководящего звена.
Анар Турсунбаевнанң кәсіби шеберлігі тақырыпты терең білуінен ғана емес, оны қатысушыға түсінікті әрі ой салатындай жеткізуінен көрінді. Әр сұрағы тәжірибемізге қайта үңілуге, күнделікті жұмысымызды басқа қырынан бағалауға жетеледі. Тыңдаушылардың пікірін мұқият тыңдап, жауаптарын нақты мысалдармен толықтырып, талқылауды шебер бағыттай білді. Әсіресе, еркін пікір айтуға мүмкіндік беретін сенімді орта қалыптастыруы ұнады. курстан дайын ақпаратпен ғана емес, жұмысымызда қолданатын нақты тәсілдермен және өзімізге қоятын маңызды сұрақтармен шықтық. Бұл — қатысушының кәсіби ойлауына ықпал ете алатын мықты тренердің шеберлігі.
Мазмұнды, практикамен байланысты курс