Тіркелу

2.1. Жұмысты бастау

ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

Платформада жұмыс істеу үшін құрылғыңызға бағдарламалық жасақтама орнатудың қажеті жоқ. Платформа толығымен онлайн жұмыс істейді, ал барлық ресурс веб-браузер арқылы қолжетімді. Жұмысты бастамас бұрын бірнеше дайындық қадамын орындаңыз.

1. Интернетке қосылыңыз

  1. Құрылғыңыздың тұрақты интернетке қосылғанын тексеріңіз. Мультимедиалық контенттің дұрыс көрсетілуі және модульдермен жұмыс істеу үшін ұсынылатын ең төменгі жылдамдық — 5 Мбит/с.
  2. Корпоративтік немесе оқу желісін пайдалансаңыз, желі баптаулары мен шектеулердің, мысалы файрволдар немесе прокси-серверлердің, https://beyim.edu.kz сайтына кіруге кедергі келтірмейтінін тексеріңіз.

2. Қолдау көрсетілетін браузерді пайдаланыңыз

  1. Платформаны мына браузерлердің бірінде ашыңыз: Google Chrome 80 немесе одан кейінгі нұсқасы, Mozilla Firefox 75 немесе одан кейінгі нұсқасы, Safari 13 немесе одан кейінгі нұсқасы, Microsoft Edge 85 немесе одан кейінгі нұсқасы.
  2. Windows 10, macOS 10.13 немесе одан кейінгі нұсқасы, Android не iOS орнатылған құрылғыны пайдаланыңыз.
  3. Платформа дұрыс жұмыс істеуі үшін браузер мен операциялық жүйені үнемі жаңартып отырыңыз.

3. Жүйеге тіркеліңіз

  1. https://beyim.edu.kz сайтына өтіңіз.
  2. «Вход» түймесін басыңыз.
  3. «Регистрация» тармағын таңдаңыз.
  4. Міндетті өрістерді толтырыңыз: Фамилия, Имя, электронная почта, номер телефона және пароль.
  5. Енгізілген ақпараттың өзекті екенін тексеріңіз: ол тіркелгіге кіру мүмкіндігін қалпына келтіру үшін қажет болуы мүмкін.

Тіркелу тәртібі осы нұсқаулықтың 2.2-тармағында толық сипатталған.

4. Тіркелгі мен профильді баптаңыз

  1. Тіркелгеннен кейін тіркелу кезінде көрсеткен логинді (ЖСН) және құпиясөзді пайдаланып, жүйеге кіріңіз.
  2. «Настройки профиля» бөлімін ашыңыз.
  3. Жеке деректеріңізді толтырыңыз.
  4. Қажетті параметрлерді баптаңыз: хабарландырулар, профиль фотосуреті және жеке ақпарат.

Профильді баптау тәртібі осы нұсқаулықтың 2.3-тармағында толық сипатталған.

5. Жүйенің негізгі бөлімдеріне қолжетімділікті тексеріңіз

  1. Жүйеге кіргеннен кейін интерфейстің негізгі бөлімдерімен танысыңыз. Бұл платформаның құрылымын түсінуге және қажетті ресурстарды жылдам табуға көмектеседі.
  2. Қажетті модульдердің сізге қолжетімді екенін тексеріңіз.
  3. Қажетті модульдер қолжетімсіз болса, техникалық қолдау қызметіне немесе жүйе әкімшісіне хабарласыңыз.

Мақаладан жауап таппадыңыз ба?