Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты мұғалімнің оқушы туралы қалыптасқан пікірін растау емес, әр оқушының оқу мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету. Бағалау нәтижелері оқушының нені меңгергенін, қай жерде қиналатынын және қандай қолдау қажет екенін анықтауға көмектесуі тиіс. Егер мұғалім бағалау нәтижелерін оқыту тәсілін өзгерту үшін пайдаланбаса, онда бағалау өзінің негізгі мақсатын толық орындамайды. Сіз қалай ойлайсыз, мұғалімдер қалыптастырушы бағалау нәтижелерін оқытуды жақсарту үшін қаншалықты тиімді пайдаланып жүр?