Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 284 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.
Ж
Жанар Тажибаева Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

7-сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылар есімше мен көсемшені шатастырды. «Оқыған оқушы» мен «оқып отырған оқушы» деген сөйлемдердегі айырмашылықты түсінбеді. Ережені жаттаса да, мәтіннен тауып, өздері мысал келтіргенде қателесті. 22 оқушының 15-і есімше мен көсемшені ажырата алмады. Мен не істедім: Ереже жаттатудың орнына «Әрекетті көрсет» әдісін қолдандым.Қимылмен түсіндірдім: Тақтаға екі баған сыздым — «Қандай?» және «Қалай? Не істеп?». «Оқыған кітап» — Қандай кітап? — есімше«Оқып отырған бала» — Не істеп отыр? — көсемше Суретпен жұмыс: Сыныптың суретін көрсетіп, оқушылардан «отырған оқушы», «отырып сөйлеген оқушы» деп сөйлем құрастырдым. Жұптық жұмыс: Бір оқушы қимыл көрсетеді — «кітап оқып отыр», екіншісі сипаттайды — «кітап оқып отырған бала» және «оқыған бала» деп екі нұсқасын жазады. Әр сабақтың соңында 5 минуттық «Тап және дәлелде» — мәтіннен 3 есімше, 3 көсемше тауып, неге олай екенін дәлелдейді. Бұл жұмысты 2 апта бойы әр сабақта қолдандым.Нәтиже: 1 аптадан кейінгі жазба жұмыста есімше мен көсемшені шатастырған оқушы саны 15-тен 4-ке түсті. Оқушылар «Қандай?» және «Не істеп?» сұрақтары арқылы өздері ажырата бастады. Бұрын сабақта үндемей отыратын оқушылар да қимыл көрсетіп, сөйлем құрауға қызыға қатысты.Менің қорытындым: Есімше мен көсемшені ереже жаттатып емес, қимыл, сурет және сұрақ арқылы түсіндіргенде оқушылар тез әрі берік меңгереді екен.

Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 7
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.