Сергазина Зинегуль Джумадиловна
Қостанай
5.0
Өзім жайлы
Профиль
Жетістіктер
Ақылы кеңес
Статистика
Өткізілген курстар:
2Курстан өткендер:
15Пікірлер:
2Байланыс
Пошта
zinegulsergazina@gmail.comТренер туралы
Мен - өзім таңдаған мамандықтың иесімін. Қазіргі уақытта Қостанай қаласындағы №18 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет пәні Т2 бойынша жұмыс істеп жүрмін. 2015 жылдан бері Қостанайдағы ПШО филиалының тартылған тренері ретінде педагогтардың біліктілігін арттыру курсының тренері боламын. Алға қойған мақстым: Өз мамандығымның шебері болу. Ол үшін ОҚЫ; ҮЙРЕН; ТОҚТАМА!!!
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пəнін оқыту мен оқудың ерекшеліктері
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Менің кәсіби дамуым
Менің жарияланымдарым
Менің марапаттарым
Курсты бағалау: 5.0 - 33 бағалау
Молдахметова Айжан Хасеновна
04.03.2024
Охапов Аслан Дуйсенбаевич
06.12.2024
Өте жақсы
Ахметова Сауле Токсановна
12.02.2025
Оқыған лекция,тақырыптар қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуға,өте тиімді.
Сейдалина Тогжан Сансызбаевна
17.02.2025
Курстың әр сабағы өте қызықты, мазмұнды болды. Әрбір сұрағымызға түсінікті әрі жан-жақты жауап алдық. Сіздің осындай жұмысыңыз бен еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін!
Хакимжанова Жаныл Азирхановна
17.02.2025
Мен,Хакимжанова Жаныл Азирхановна, 2025 жылы 20 қаңтарынан бастап "Педагогтардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту,қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі" тақырыбында курстан өттім. Курстан аларым өте көп болды. Курс өте қызықты әрі танымды болды. Алдағы уақытта өз тәжірибеде қолданамын деп мақсат қойып отырмын. Курс ұйымдастырушыларын, Зейнегүл Джалиловна тренерімізге алғысым шексіз!
Кдыралиева Жандай Байганиновна
27.02.2025
Смашова Сауле Жаксибековна
18.04.2025
Муканова Динара Акбулатовна
18.04.2025
Екі апта көлемінде "Пәндік құзыреттілігін дамыту ; Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибиесі" тақырыбында дәрістер тыңдап, тренинг және практикалық сабақтар жасадық. Өзінің дәрісі мен тренигтері арқылы біздің білімге деген ықыласымызды оятқан тренер Зинегул Джумадиловгаға алғысым шексіз.Осы мәліметтерді экранның ар жағында отырса да кәсіби шеберлікпен жеткізе білген, курсты жоғары дәрежеде ұйымдастырып, кәсіби деңгейімізді шыңдауға ықпал жасағаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Шығармашылық табыстарға жете беріңіз!!!
Марданова Бахыт Сейполловна
03.05.2025
Нурсейтова Маржан Жумагазовна
10.10.2025
Құрметті Зейнегүл ханым, әрі шебер тренер! Біліктілікті арттыру курсы барысында өз тәжірибеңізбен, мазмұнды кеңестеріңізбен және оқытудың тиімді әдістемелерімен бөліскеніңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сіз ұсынған оқыту мазмұны мен тәсілдері пәндік және кәсіби құзыреттілігімді дамытуға зор ықпал етті. Курста өткен оқу сауаттылығы бойынша сабақ мен үшін өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Ұсынған әдіс-тәсілдер тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыда да қолданыс табатынына көз жеткіздік. Әсіресе мәтінмен жұмыс жасаудың әртүрлі стратегиялары, сұрақтарды саралау жолдары, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар тәжірибемді толықтырды. Оқу сауаттылығының PISA халықаралық зерттеуіндегі орны мен маңызын айқын ашатын дәрежеге жетеміз,егер оффлайн кездессек шабытпен орындар едік. Оқушылардың мәтінді түсіну, ақпаратты салыстыру, талдау, интерпретация жасау және қорытынды шығару қабілеттері ХХІ ғасыр құзыреттіліктерін қалыптастыруда негізгі рөл атқаратынын ұқтық. Бұл бізге тек ұлттық деңгейде емес, халықаралық стандарттарға сәйкес білім берудің қажеттілігін көрсетті. Сабақ барысында берілген ақпарат жүйелі әрі түсінікті болды. Мысалдар мен нақты тапсырмалар оқу сауаттылығының практикалық маңызын ашып берді. Жалпы алғанда, сабақ өте пайдалы, кәсіби тұрғыда дамуымызға үлесі болды. Тренингтеріңіз де, сабақтарыңыз да әрқашан тартымды, мазмұнды әрі тәжірибеге негізделген болатынын естіп те, көріп те жүрміз. Сабақтарыңыздан жаңа серпін алып, алдағы уақытта оқыту тәжірибемде қолдануға құнды бағыттар алдым. Сізге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және кәсіби биіктер тілеймін! Биік белестерден көріне беріңіз, жалғасын тапсын! Ізгі тілекпен, Маржан, Тобыл жалпы білім беретін мектебі.
Нурмухамбетова Акмарал Сакеновна
10.10.2025
Құрметті Зейнегүл ханым! Курс барысында берілген пайдалы кеңестеріңіз бен тиімді әдістемелеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сабақтарыңыз тәжірибеге бағытталған, мазмұнды әрі қызықты өтті. Кәсіби дамуым мен болашақ жұмысым үшін маңызды бағыттар алдым. Сізге шығармашылық табыс пен биік жетістіктер тілеймін! Ресурстарды қуана-қуана жүктеп алдым, алдағы уақытта міндетті түрде пайдаланымын. Ұсыныс ретінде айтарым: курстарды он-лайн емес, бұрыңғыша, оф-лайн өткізсе жақсы болар еді... Ақмарал Сакеновна, Абай Атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі
Сердалина Райгуль Еркебулановна
13.10.2025
«Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі» атты біліктілікті арттыру курсы оқу сауаттылығын, әсіресе оқылым құзыреттілігін дамыту тұрғысынан өте пайдалы болды. Курс барысында мәтінмен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін, оқушылардың түсініп оқу дағдысын жетілдіру жолдарын меңгердім. Тренер ұсынған әдіс-тәсілдер сабақты тиімді ұйымдастыруға және оқылым бойынша функционалдық сауаттылықты арттыруға зор мүмкіндік берді. Зинегуль Джумадиловнаға алғысым шексіз. Әр күн сайын сабақты тартымды, қызықты, ең бастысы ауқымды материалмен өткізді. Білімімізді жаңартып шыңдап алдық.
Жиеналина Гаухар Сагиевна
13.10.2025
Құрметті Зейнегүл ханым! Біліктілікті арттыру курсы барысында өз тәжірибеңізбен және оқытудың тиімді әдістемелерімен бөліскеніңіз үшін сізге көп-көп рахмет. Сіз берген оқу мазмұны мен әдістемелер маған өте пайдалы болды. Көп нәрсе түсініп, үйрендім, өзіме керек деген нәрсені ресурстардан шығарып алдым. Жеке басыма сіздің курсыңыз тиімді болды. Сізге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!!!
Ертаева Арайлым Саматовна
13.10.2025
Әр сабақтан бірінен өткен идеяға толы. Бүгін сабақ жазылым жағдысын дамытуға ерекше ой салатын тәсілмен таныстық. Үйренген әдістерімізді сабақта қолдана отырымыз бекітеміз. Эссе жазу құр жаза салу емес. Құрылымы сай, стиліне сай алдына ала дайындала келе жазу керек екен. Үлкен рахмет сізге💐сіздің тобыңызда білім алғаныма қуаныштымын! Өте білікті, шебер, қарапайым жансыз❤️
Кустаева Марзия Сикешевна
13.10.2025
«Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі» курсы мен үшін өте пайдалы және мазмұнды болды. Тренеріміз Зейнегүл Жұмадиловна сабақтарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, әр тақырыпты түсінікті әрі қызықты түрде жеткізді. Практикалық тапсырмалар арқылы алған білімімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алдым. Тренердің кәсіби шеберлігі, ашық қарым-қатынасы мен қолдау көрсетуі оқыту процесін нәтижелі етті. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын үйрендім. Осындай мазмұнды курс ұйымдастырғаны үшін және тиімді оқыту әдістерімен бөліскені үшін тренеріміз Зейнегүл Жұмадиловнаға алғыс білдіремін.
Касимова Жанна Кудайбергеновна
14.10.2025
Курс өте биік деңгейде өтті! Зейнегүл Джумадиловна - өз ісінің шебері . Сабақтары тартымды,танымды, мазмұнды әрі тәжірибеге негізделген болды.
Инкарбекова Айгерим Кайыржановна
14.10.2025
«Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі» атты біліктілікті арттыру курсы өте пайдалы болды. Курстан мен жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, сабақты тиімді ұйымдастыру жолдарын үйрендім. Тренерлердің тәжірибесі мен материалдары мазмұнды, пайдалы және заманауи талаптарға сай болды. Осындай курстар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деп ойлаймын. Курс менің кәсіби дамуыма зор үлес қосты. тренеріміз Зинегуль Джумалиловнаға үлкен алғыс айтқым келеді !
Жора Кенжеқыз Балғабайқызы
14.10.2025
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі курсына өте жақсы деген баға беремін! Бұл курстан өзіме көптеген жаңалықтар алдым және пайдалы дүниелер үйрендім. Бізге осындай курстар өте қажет деп есептеймін! Тренеріміз Зинегуль Джумалиловнаға көп рахмет! Өзінің бар білімі мен білгенін үйретіп, кез-келген сұрағымызға дер кезінде жауап беріп, кері байланысқа шығып отырды. Жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін!
Қапизова Айжан Қанағатқызы
14.10.2025
Курс өте пайдалы болды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдарын біліп, алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын. Ұстазымыз Зинегуль Джумадиловнаға мың алғыз! Өте талапшыл, білімді ұстаз!
Кеделбаева Гаухар Амиржановна
14.10.2025
Бұл курс мен үшін үлкен кәсіби маңызы бар тәжірибе болды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде пәндік құзыреттілігімді тереңдетіп, заманауи әдіс-тәсілдермен оқытудың тиімді жолдарын меңгердім.Алған білімімді оқыту тәжірибемде тиімді пайдаланамын деп сенемін. Курс тренері Зинегуль Джумадиловна өте білімді,тәжірибелі,жаңашыл маман ретінде үлкен әсер қалдырды. Әр өткізген сабағы мазмұнды, қызықты әрі нәтижеге бағытталған.Әр тыңдаушысына тың серпін,жаңа көзқарас пен нақты тәжірибе сыйлады. Зинегуль Джумадиловна талап қоя білетін, қолдай білетін ,бағыт-бағдар бере білетін нағыз кәсіби маман! Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Шәкірттеріңіз көп болсын! Сізден дәріс алғаныма өте қуаныштымын,Алғысым шексіз!
Буркутбаева Зауреш Тургуновна
14.10.2025
Зинегуль Джумадиловна өткізген біліктілікті арттыру курсы мен үшін өте пайдалы әрі мазмұнды болды. Әр сабағыңыз нақты жоспарланған, түсінікті және тәжірибемен ұштасқан түрде өтті. Жаңа әдіс - тәсілдерді меңгеріп, оны өз іс - тәжірибеме қолдануға мүмкіндік алдым. Сіз тыңдаушыларға үлкен жауапкершілікпен қарап, әрқайсымызға қолдау көрсете білдіңіз. Кәсіби біліміңіз, сабырлығыңыз және ұқыптылығыңыз бізге үлгі болды.Алдағы жұмысыңызға шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер тілеймін!
Нургалиева Толкын Кабдуллакызы
14.10.2025
курс өте керемет өтті
Ташетова Жанар Хамитовна
14.10.2025
Жалпы курстан алғаным өте көп. Теорияда және практикада көрсетілген мысалдарды болашақта тәжірибеде қолданамын деген мақсат қойып отырмын. Курс жетекшісі Сергазина Зейнегуль Джумадиловна,өте тәжіриебелі тренер. Тың ақпарттарды педагогтерге жеткізуде аянбай, ерінбей қызмет жасады. Теория түсінікті,қол жетімді болды. Тренер әрдайым кері байланысқа түсіп, маңызды мәліметтерді қарапайым тілмен түсіндіріп отырды.Осындай курстардың берері көп. Сондықтан осындай курстарды үзбей ұйымдастырып отырсаңыздар, әдістемелік жағынан мықты, педагогтердің саны артып, оқушылардың білімі сапалы болады деген ойдамын.
Абеубекова Шынар Айтбековна
15.10.2025
Құзыреттілікті арттыру курсы- кәсіби шеберлігімді жетілдіруге тиімді болды.. Курс мазмұнды,әрі жүйелі болды. Жаңа педагогикалық технологиялар, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және оқушылардың айтылым,жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған тәсілдер мен қажетті ресурстар алдым.Әсіресе, перефраз тәсілдерін үйрену мен үшін өте тиімді болды. Оқу барысында түрлі практикалық жұмыстар арқылы алған білімімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алдым. Осындай пайдалы курсты өткізген тренеріміз Зейнегуль Джумалиловна мен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Алған білімімді алдағы уақытта сабақ беру процесінде тиімді қолданамын деп сенемін.
Ерменова Ботагоз Сансызбаевна
29.01.2026
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған екі апталық курс – бұл жай ғана біліктілік арттыру емес, мен үшін жаңа мүмкіндіктер айдыны болды. Курс барысындағы креативті тапсырмалар мен заманауи кейстер сабақ беру стилімді түбегейлі жаңартты. Тренеріміз Зинегуль Джумадиловнаға кәсіби қолдауы мен біліктілігі үшін алғысым шексіз! Курста алған шабытым мен сенімім алдағы шығармашылық ізденістеріме жол ашты. Мұғалім мәртебесін биіктетудегі еңбегіңіз жемісті болсын! Көрсеткен қолдауыңыз бен берген бағыт-бағдарыңыз үшін рақмет!
Куйшинова Зулиха Шайкимелевна
29.01.2026
Екі апталық онлайн курс кәсіби тұрғыда маған мол тәжірибе мен құнды нәтиже берді. Курс барысында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, сабақ үдерісіне жаңаша көзқарас қалыптастырдым. Теория мен практиканың үйлесімі алған білімді күнделікті жұмысымда еркін қолдануға мүмкіндік берді. Осындай мазмұнды әрі сапалы курсты жоғары деңгейде ұйымдастырып, әр сабақты түсінікті де қызықты өткізген тренеріміз Зинегуль Джумадиловнаға шынайы алғысымды білдіремін. 💐💐💐
Шамуратова Гульсум Алшымбаевна
29.01.2026
Курс мазмұны жүйелі құрылып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді меңгеруге мүмкіндік берді. Теориялық материал мен практикалық тапсырмалардың өзара үйлесімі алған білімді тәжірибеде қолдануға жол ашты. Осындай мазмұнды да сапалы курсты жоғары деңгейде ұйымдастырып, әр сабақты түсінікті, жүйелі әрі қызықты форматта өткізген тренеріміз Сергазина Зинегуль Джумадиловнаға шынайы алғысымды білдіремін. Тренердің жоғары кәсіби шеберлігі, қолдаушы көзқарасы мен тиімді кері байланысы оқу үдерісінің нәтижелі өтуіне оң әсерін тигізді.
Шакирьянова Галина Ануарбековна
30.01.2026
Жумабаева Айгерим Кайратовна
30.01.2026
«Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбында онлайн форматта өткен екі апталық курста кәсіби тұрғыда үлкен нәтиже мен мол тәжірибе жинақтадым. Курс барысында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, сабақ беру тәжірибеме жаңа серпін беретін көптеген пайдалы ақпарат алдым. Теория мен тәжірибе өзара үйлесім тауып, алған білімімді күнделікті жұмысымда еркін қолдануға мүмкіндік туды. Осындай мазмұнды да сапалы курсты жоғары деңгейде ұйымдастырып, әр сабақты түсінікті әрі шабытпен өткізген тренеріміз Зинегүл Джумадиловнаға зор алғысымды білдіремін. Білімі мен тәжірибесін аямай бөліскен еңбегіңіз үшін мың алғыс!🌹🌹🌹
Жакупова Карлыгаш Жумабековна
30.01.2026
«Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбында онлайн форматта өткен екі апталық курста кәсіби тұрғыда үлкен нәтиже мен мол тәжірибе жинақтадым.Зинегуль Джумадиловна Сабақтарыңыз өте түсінікті, қызықты әрі мотивацияға толы болды. Еңбегіңіз бен шыдамдылығыңыз үшін үлкен рахмет! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік, денсаулық пен табыс тілеймін
Шакубаева Рымгуль Жолдыбаевна
30.01.2026
Курста көп нәрсе үйрендік. Жазылым бойынша алған білімімізді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік болды. Сабақтарыңыз әрдайым түсінікті, қызықты әрі мотивация береді. Еңбегіңіз үшін үлкен алғыс! Сізге денсаулық, табыс және шығармашылық шабыт тілеймін.
Сагидоллина Жанагул Шайзадиевна
30.01.2026
Сізбен екі апта бойы курста болып тәжірибе алмасқаныма қуаныштымын. Курс барысында орыс сыныптарының оқушыларына сіздің берген барлық әдіс –тәсілдеріңізді қолдана отырып жұмыс жасаймын.Курс жоғары деңгейде өтті.Сізге шығармашылық табыс тілеймін.
Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна
30.01.2026
Мен екі апталық креативті қазақ тілі курсына қатыстым, бұл мен үшін өте қызықты және пайдаланы болды. 👍👍👍 Курс барысында біз қызықты әдістер арқылы қазақ тілін үйрету ойындар, әңгімелер, өлеңдер және шығармашылық тапсырмалармен таныстық, жаттығу жасадық. Зинегуль Джумадиловна, тәжірибелік жұмыстарыңыз көбейе берсін! 👑👑👑ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙЛЕРГЕ ЖЕТЕ БЕРІҢІЗ!!! 🎓🎓🎓 ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ МЫҚТЫ БОЛСЫН!!! 💪💪💪 БАЛА- ШАҒАҢЫЗ АМАН БОЛСЫН!!! 🪬📿🧿🫶🫶🫶❤️❤️❤️
Ақылы кеңес
Сергазина Зинегуль Джумадиловна
Тренермен кеңескіңіз келетін сұрақты таңдаңыз
Пікірлер (33)