Мухамедьярова Майраш Кобеновна
Алматы
4.9
Өзім жайлы
Профиль
Жетістіктер
Ақылы кеңес
Статистика
Өткізілген курстар:
6Курстан өткендер:
81Пікірлер:
6Байланыс
Пошта
mukhamedyarova_m@cpm.kzТренер туралы
Егер сіз оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен мектеп директорының басқарудағы аналитикалық талдау дағдыларын қалыптастырығыңыз келсе; талантты ұстаздың жеке траекториясы негізінде әдістемелік қолдаудың басшы ретінде тиімді жолдарын меңгергіңіз келсе, менің курстарымды таңдаңыз. Сабақты зерттеу (Lesson Study) мен іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) бойынша халықаралық деңгейде өз тәжірибеммен бөлісіп жүрген әріптесіңіз ретінде, сіздің де әлеуетіңіз бен мүмкіндігіңізді бірлесе анықтап, кәсіби өсуіңізге қолдау көрсете аламын.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары (негізгі деңгей)
Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study
Деректерді талдау негізінде мектепті басқару
«Білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік
Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық деңгей)
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (ілгері деңгей)
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау)
Негізгі мектепте STEAM оқыту: тиімді практика
Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі
Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту
Заманауи əдіскер: құзыретті сарапшы жəне табысты тəлімгер
Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту: мұғалімге арналған практикалық тәсілдер
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану
Білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен практикалық қолданылуы
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Курстар
Онлайн
Топ жинақталуда
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі
Басталуы:
23.02.202623 000 ₸
Онлайн
Топ жинақталуда
Заманауи əдіскер: құзыретті сарапшы жəне табысты тəлімгер
Басталуы:
23.02.202623 000 ₸
Менің кәсіби дамуым
Менің жарияланымдарым
Менің марапаттарым
Курсты бағалау: 4.9 - 108 бағалау
Тажикенова Жазира Танатаровна
23.02.2023
Айбергенова Кенжегуль Кыдырбаевна
23.02.2023
Серикбаева Арайлым Кыстаубаевна
02.03.2023
Тамаша курс болды. Тренер Майраш Көбенованың әр сабағы өзім үшін құнды ақпаратқа толы болды. Майраш Көбеноваға айтар алғысым шексіз.
Акимбаева Жайнар Акимбайкызы
15.05.2023
Мырзашова Нургиза Абдигалиевна
19.07.2023
Туганбаева Марал Тиыштыкбаевна
23.07.2023
Муратбаев Ерлан Отанович
11.09.2023
Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары (негізгі деңгей) бойынша өткен курс өте жоғары деңгейде болды. Болашақ көшбасшы ретінде өзіме үлкен тәжірибе жинақтадым. Білмегенімізді үйретіп, білетінімізді толықтырып, көшбасшылыққа бағыт-бағдар бергені үшін курс тренері Мухамедьярова Майраш Кобеновнаға үлкен алғыс білдіремін!
Тогабоев Рисбек Сапарбекулы
21.09.2023
Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары (негізгі деңгей) бойынша өткен курс өте жоғары деңгейде болды. Болашақ көшбасшы ретінде өзіме үлкен тәжірибе жинақтадым. Білмегенімізді үйретіп, білетінімізді толықтырып, көшбасшылыққа бағыт-бағдар бергені үшін курс тренері Мухамедьярова Майраш Кобеновнаға үлкен алғыс білдіремін!
Абдрахманова Жазира Сейтжановна
23.09.2023
Аметов Камбар Омарович
29.09.2023
Дуйсенова Жанат Баккожаевна
29.09.2023
Оспанова Арай Марлановна
29.09.2023
Бесір Балауса Бекжанқызы
29.09.2023
Каримова Назгүл Сансызбаевна
29.09.2023
Жумабекова Асыл Мейрамбековна
29.09.2023
Миям Асылзат Мұсақызы
29.09.2023
Жусипова Гулзада Тулбасиевна
08.10.2023
Сагынгалиев Даурен Наурызбаевич
11.10.2023
Негізгі деңгейде білім алу барысында мектеп мәдениетіне қатысты, жаһандық құзыреттіліктер мен дағдыларға байланысты теориялық білімімді жетілдірдім. Терең дағдыларды дамыту бойынша да курс барысында жүйелі жұмыс атқарылды. Педагогикалық рефлексия дағдыларын дамыту бағытында тренеріміз Майраш Көбенқызы өзінің кәсіби іс-тәжірибесімен бөлісті. Білгенім мен түйгенімді келешекте қызмет барысында қолданатын боламын. Бұл деңгей "өзгерістердің көшбасшысы" болуға деген сенімімді арттырып, директорлықты қызметті атқарамын деген шешім қабылдауыма себепші болды.
Казакбаева Назгуль Сапаковна
15.10.2023
Жумаканова Маншук Жексенбаевна
10.12.2023
Сулейменова Гаухар Зинабытовна
11.12.2023
Курс маған қатты ұнады. Аналитикалық талдау жасауды үйрендім.Мираш апай сізге көп рахмет!
Толекова Гульнар Сансызбаевна
13.12.2023
Досполова Сайра Амангельдиновна
14.12.2023
Директор орынбасарлары үшін өте маңызды курс болды. Курс өте жақсы өтті. Бәрі түсінікті болды.
Абдымолдаева Салтанат Алиакбаровна
23.01.2024
Курс очень полезный. Узнала много новой информации, которые были необходимы для исследования. Спасибо!
Смагулова Молдир Жумаканкызы
28.01.2024
Хызыр Айбегим
11.02.2024
Сағиолданов Талант Бақытұлы
15.05.2024
Оразбек Құрбан Жұмаханұлы
18.05.2024
Жұмажанова Жанара Бақытжанқызы
29.05.2024
Өте құнды курс болды, тренерлерге рахмет!
Садвакасова Кундыз Кажыгалиевна
29.05.2024
Асхат аға,Майраш апай, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Педагогикалық шеберлік орталығына алғыс білдіремін!
Аблхасимова Сандугаш Адильхановна
07.09.2024
Калбаева Анара Сагынбековна
23.10.2024
Нұрдаулет Айжан Айтжанқызы
05.11.2024
Анкебаева Асем Маркаленовна
25.11.2024
Багыбаева Булбул Меделхановна
08.12.2024
Курс ұнады. Көп мәліметтер алдық. Майраш Көбенқызы,Сізге үлкен рақмет! Еңбегіңіз жана берсін!
Аблаева Рабига Алдакуатовна
12.12.2024
Тамаша !!!
Султангазиева Эльмира Нурдилдаевна
13.01.2025
Байбулатова Майра Бериковна
16.01.2025
Сембаева Данира Болаткановна
20.01.2025
Кусаинова Жанар Беймбетовна
20.01.2025
3 күндік курс тыңдаушысымын. Оқулық жазу кезінде білім алуда өмірлік бейімділік дағдысын қалыптастыруға, білімді күнделікті мәселені шешу жолына икемдеуге тиімді, пайдалы ақпарат алдым, Майраш Кобеновнаға алғысым шексіз, 😘
Абашова Нурсипат Ибадуллаевна
03.02.2025
Мыкышева Гульбаршын Ермековна
12.02.2025
Прекрасный курс
Кистаубаева Эльмира Турсунбаевна
12.02.2025
Хасенова Жумагул Кажыбаевна
17.02.2025
Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері курсы жоғары деңгейде өтті.
Конашев Полат Абдуханович
22.02.2025
Оқу өте жақсы әрі пайдалы болды. Өзіме керекті мәліметтерді алдым
Курбаниязова Светлана Марсовна
22.02.2025
Кистаубаева Эльмира Турсунбаевна
24.02.2025
Абдымомынова Бахытжан Шегаевна
28.02.2025
Илимова Махпал Абльдаевна
11.03.2025
Байболова Айман Асреповна
30.03.2025
Қанатова Ақмарал Баймурзақызы
10.04.2025
Арынбаева Акбота Жанайдаровна
29.04.2025
Сахаба Жолдыбек
30.04.2025
Абеуова Гульмира Халеловна
02.05.2025
Теориялық білімді терең алдық әр өткен модуль түсінікті болды тренеріміз мықты рақмет ол кісіге
Кусаинова Айдана Болатовна
12.05.2025
Курс мазмұны заманауи білім беру саласындағы басшылық пен басқаруға қойылатын талаптарға толықтай сай құрылып, теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыруға мүмкіндік берді. Әсіресе көшбасшылық құзыреттерді дамыту, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару, командалық жұмыс пен эмоционалды интеллект сияқты өзекті тақырыптар жан-жақты қамтылды. Тақырыптардың логикалық құрылымы, нақты мысалдар мен тренерлердің тәжірибелік бөлісімдері курс мазмұнын терең түсінуге ықпал етті. Практикалық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы алған білімді нақты жағдайларда қолдану мүмкіндігі ұсынылды. Бұл курс көшбасшы ретінде өзімді дамытуға серпін берді және кәсіби бағытта жаңа көзқарас қалыптастырды. Тренер өз ісінің маманы. Жан-жақты қалыптасқан керемет тұлға. Тренердің ашықтығы мен қолжетімділігі, мотивация беретін ұстанымы курс барысындағы сенімді орта қалыптастыруға ықпал етті. Сабақ барысында нақты мысалдар мен тәжірибелік тапсырмаларды ұсынуы оқу үдерісін жандандырып, қатысушылардың белсенділігін арттырды. Ол кісіден алатын тәрбие мен тәжірибе көп екенін түсіндім.
Жошибаева Кумисай Жумахановна
14.05.2025
Курс өте қызықты, түсінікті болды
Омирбаева Дана Муратовна
23.05.2025
Искакова Жанар Шамшихановна
10.06.2025
Айтметова Шолпан Алламуратовна
28.07.2025
Ногайбаева Асем Маликовна
02.08.2025
Елгелдиева Аружан Бауыржанқызы
11.09.2025
Керемет
Тойбаева Галия Куановна
15.09.2025
Бұл курстан өте пайдалы ақпараттар алдым. Ресурстар қол жетімді. Тәжірибе жинақтадым. Инклюзивті білім беру туралы түсінік қалыптасты.
Ескендирова Дина Ержановна
15.09.2025
Курманбеков Самат Курманбекович
26.09.2025
Өте керемет
Шегебаева Карлыгаш
27.09.2025
Касенова Анар Уксукбаевна
30.09.2025
Смагулова Перизат Серикказиновна
10.10.2025
Абдикаликова Женискуль Садировна
16.10.2025
Суранова Нурила Карсыбаевна
28.10.2025
Кайыпжанкызы Сандугаш
29.10.2025
Алмаханова Кенжеайым Арыстанбековна
03.11.2025
Базарбаева Бикамал Жансуровна
03.11.2025
Касымханова Раушан
04.11.2025
Абдраманова Жазира Акимбаевна
01.12.2025
Бекенова Римма
02.12.2025
Баймбетова Багила Турганбековна
04.12.2025
Адильбаева Галия Аманбаевна
11.12.2025
Дощанова Айгерим Талгатбековна
11.12.2025
Смағұлқызы Шырын
12.12.2025
Хасенова Жумагул Кажыбаевна
13.12.2025
Касенова Айгерим Абдуалиевна
16.12.2025
Каниязова Миригул Матниязовна
16.12.2025
Қыдырбай Біржан Маралұлы
16.12.2025
Чаканова Айгуль Нурлыбаевна
16.12.2025
Ильяшова Жанагуль Рахымжановна
21.12.2025
Омирбаева Дана Муратовна
21.12.2025
Садвакасова Корлан Кураловна
21.12.2025
Усенбаева Жулдыз Алимхадировна
16.01.2026
Исмаилова Айгуль Сейткуловна
16.01.2026
Мұрат Нұрғиса Айдарұлы
26.01.2026
Майраш Көбеновна, семинар өте пайдалы өтті. Сабақ жоспарын құрудың құрылымы, мақсат пен оқу нәтижелерін нақты қою, тапсырмалар мен бағалаудың өзара байланысы түсінікті түрде берілді. Әсіресе оқу мақсаттарын сабақ мақсатына айналдыру жолдары мен үшін маңызды болды. Алған білімімді өз сабақтарымда, әсіресе жоспарлау мен бағалау барысында қолданамын. Рақмет!
Галпай Ұлжан Әсенқызы
26.01.2026
Өте жақсыт
Садакбаева Эльмира Танжарбаевна
26.01.2026
Майраш Көбеновна, семинар өте әсерлі өтті. Тақырыптар тың, заманауи бағытта қозғалды, ой салатын нақты мысалдар көп болды. Материал түсінікті әрі тәжірибеде қолдануға ыңғайлы түрде жеткізілді. Семинар кәсіби тұрғыда да, жеке даму үшін де пайдалы болды.Сізге үлкен рақмет!Семинар барысында сабақ жоспарын құрудың құрылымы, мақсат пен оқу нәтижелерін дұрыс қою, бағалау мен тапсырмалардың өзара байланысы нақты түсіндірілді. Әсіресе оқу мақсаттарын сабақ мақсатына тиімді айналдыру жолдары пайдалы болды.
Тубитбаева Жибек Хасановна
26.01.2026
Жақсы
Бекова Айгерим Анваровна
26.01.2026
Өте жақсы
Имрамзиева Дильнара Турсуновна
26.01.2026
Керемет
АЛМАСБАЕВА Жазира Сейткасымовна
26.01.2026
Құрманжанқызы Ғазиза
26.01.2026
Өте керемет өтті! Білім мен сапалы тәжірибе болды!!!
Кушербаева Самал Аманжоловна
26.01.2026
Офлайн курстар болса жаксы болар еді
Сайлыбаева Айжан Кожаевна
26.01.2026
Курс өте жоғарғы деңгейде өтілді
Ерланқызы Мақпал
26.01.2026
Онлайн форматта өткен екі күндік курс мен үшін өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісінде тиімді пайдалану, дұрыс мақсат қою, жоспарды жүйелі құру және күтілетін нәтижеге қол жеткізу жолдары нақты әрі түсінікті түрде түсіндірілді. Теориялық материалдар практикалық тапсырмалармен бекітіліп, әр тақырып мысалдар арқылы ашылды. Бұл курс кәсіби жұмысымды жаңаша ұйымдастыруға және заманауи әдістерді батыл қолдануға үлкен серпін берді.
Айтпаш Айнұр Қонысбекқызы
27.01.2026
Умирзакова Гулдана Ерланбековна
30.01.2026
Тайбагарова Куаныш Курманжановна
30.01.2026
Біліктілігімді арттыру үшін қайда барсам екен деп көп ойландым. Бірінші күні мені бір қорқыныш сезімі биледі. Осы курста қандай жаңалықтар аламын, не үшін керек, қандай пайдасы бар деген сұрақтар мазалады. Сол сұрақтарға мен іштей жауап тапқандай болдым. Бұл бағдарламаны игеру барысында негізгі мақсаттарымен таныса отырып, әріптестер үшін маңыздылығын түсіндім. Келген күні өзімді жайсыз сезіндім. Себебі, басқа ортаға түстім, мүлдем таныс емес адамдар. Әрине қорқынышты болды. Себебі сенімсіздік болды. Уақыт өте келе ортаға сіңіп кеттім. Өйткені, әр тапсырманы топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай білдік. Осының бәрі ұйымшылдықтың арқасында. Алғашқы күнгі тренердің берген ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс әріптестер арасындағы байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті. Алғашқы, 1-апта мен үшін өте тез өтті. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Топтағы жұмыс істеуіміз маған жақсы ұнады. Екі апта ішінде ықшам сабақтарды өткізудің түрлі формаларымен таныстым. Тренеріміз айтқандай ықшам сабақтарда әдіс-тәсілдерді көрсету маңызды емес екен, маңыздысы сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды тиімді стратегияларды қолданып өткізу керек екенін түсіндім. Курстың барысында мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру екенін ұқтым. Менің бұл курстан алған әсерім көп болды. Мен бұл курс жайлы естігенмен аса көп мән бермеппін. Осы оқу курсына мазасыздықпен келген алғашқы күніміздің өзінің жағымды тренингпен басталуы қобалжуымызды сейілтіп, тобымызда үлкен достық пен жайма - шуақ ауа райын қалыптастырды. Бұл бәріміздің кез келген қиындықтарды бірлесіп еңсеруімізге, өзімізге сенімділікпен қарауымызға оң ықпалын тигізді. Тренеріміздің әр сабақты жағымды әрекеттерден бастауының нәтижелілігіне күнделікті байқай отырып, өз сабағымның сәтті өтуі де тек өзіңнің сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалай орната білгеніңе байланысты екенін түсіндім. Бізді алғаш курсқа келген күннен бастап, байсалды да, білімді тренеріміз Мухамедьярова Майраш Көбеновна жылы шыраймен қарсы алды. Осындай тренеріміздің арқасында мектеп тренерінің міндеті және оның жауапкершілігі, қызметі туралы көптеген нәрселер үйрендік .Курсқа келген 18 адам бір-бірімізбен таныстық. Курстың ішкі ережелері таныстырылды. Сабақта екі- төрт топ болып бөлініп отырып, түсініктерімізді жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз жұмыстарымызды қорғадық. Сабақтың өте қызықты өтетіндігі әр күні қызығушылықты ояту үшін түрлі әдіс-тәсілдер ,сан түрлі тренигтер жасалатын. Сабақ барысында пікір таластар қызықты болды. Сөйтіп, тобымызда ынтымақты атмосфера қалыптасты, жаңалыққа деген көзқарас пайда болды. Қызығушылық артты. Курс барысында теориямен, топтық жұмыстың тиімділігі ,оқыту әдістері мен нысандары,сабақ құрылымы сыни тұрғыдан ойлау, оқыту әдістері, рефлексия мен кері байланыс, АКТ-ны пайдалану, рефлексивті оқыту, бағалау түрлері, ықшам сабақ жоспарларын қалай құру керектігін жасап үйрендік. Курста өткізілетін сабақтардың дайын жоспары жасалып оны қалай, қандай әдіспен өткізу тиімді екендігін үйрендік. Әрбір топтың өткізген бір сабағынан бірнеше дағды қалыптастырып, нақты білімді өз іс-әрекеттеріміз арқылы жасадық.. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер болашақ мектеп тренерлерінің ойлау, шығармашылық, іскерлік білімі мен біліктіліктерін көрсете білді. Әр тренерден әртүрлі дағды мен әдіс-тәсілдерін үйрене отырып педагогикалық тәжірибемді толықтырдым. Курстан кейін мектепке барғанда әріптестерімнің кәсіби деңгейлерін көтеруге және әр баланың ой-өрісін жетілдіретін технологияның түрлі әдіс-тәсілдерін топпен жұмыс, жұппен жұмыс, сын тұрғысында ойлау, диалогтық оқыту және тағы басқа технологиялардың ерекшеліктерін тренингтер арқылы үйретемін деп ойлаймын. Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен жүйелі түрде қайта құрылып, өз тәжірибеме қайта түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім. Сонымен қатар, мектепішілік қиындықтарды жеңуге болатын тиісті қадамдар жасау әрекеттерін меңгердім деп есептеймін. Менің ойымша, күнделікті өмірде кез келген істе жетістікке жету,тіпті, әр күніңнің сәтті өтуі өзіңнің көңіл-күйіңе байланысты. Егер көңіл-күйің жақсы болса, бойыңда тау қопарардай шабыт пен өз-өзіңе деген сенімділік пайда болады. Курстың бірінші бетпе-бет кезеңі маған ұмытылмастай әсер қалдырды. Әртүрлі мекендерден келген әріптестермен араласып, тәжірибемен, ой-пікірлермен бөлісу де мен үшін үлкен мектеп болды. Осы оқу бағдарламасы да әріптестердің қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын әріптес ретінде қалыптасу нәтижелерін күтеді. Сондықтан алға қойған кәсіби міндетімізді іске асыруда бағдарламаның көмегі зор екенін түсіндім. Күн сайынғы дәрістерден, тренердің айтылған әр сөзінен, түрлі тренинг, көрсетілімдердің әсерінен қалай оқыту керектігін түсініп қана қоймай, бұл ақпараттар өзімнің жеке қасиеттерімнің де өзгеруіне оң ықпалын тигізді. Күнделікті сабақта топтасып жұмыстануда, берілген тапсырманы шешу арқылы, әріптестердің жан дүниесін түсінгендей болдым, бұл курстан өз тәжірибемде нәтижеге жетуде шешімін таппай жүрген мәселелерді шешудің жолын таптым. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр маманның жадында болуы тиіс. Сондықтан сабағымның әр кезеңінің мақсатын ашатындай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауда көп ойлану керек екенін түсіндім.Осы курста біраз мағлұмат алдым. Ең маңыздылығы сабақ беруде жеті модульді пайдалану, яғни стратегияларды және тәсілдерді,сыни ойлайтын ашық сұрақтарды қою керек екенін түсіндім. Нақтылығын айтқанда, өзі түсінетін адам өзі зертеп білімді жинайды, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды, өзінің іс әрекетіне қатысты таңдау жасап, басқаларының ойымен күмәнмен қарау, дұрыс бағалай білуді үйренеді. Ал АҚТ-ны қолдану барысында ізденіс қалыптасады, ұсынады, сақтайды және бірлесіп жұмысқа қатысады. Осы курста алған білімімді практикада қолданамын. "Жақсы сөз - жарым ырыс дегендей", ең бастысы, жылы көзқараспен, жағымды сөздерімізбен әрітестің ықыласын оятып, қолынан іс келетініне сендіре білуіміз керек. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп ұлы Абай атамыз айтқандай болашақта осы курстан алған білімімді мектебімде жүзеге асыра аламын деп ойлаймын. Заманға сай талап етілетін дағдылардың мәнін түсіне біліп, шешімдер мен іс-әрекеттерді ұйымдастыра білетін мектеп тренері болатындығыма сенемін. Алдағы уақытта осы курстан алған біліммен қатар түрлі нұсқаулықтар мен әртүрлі кеңестер, ресурстар көмекке келеді деп болжаймын. Осы орайда курстың тренері Майраш Көбеновнаға алғысым шексіз. Өзінің терең білімімен қатар іскерлігімен, жан-жақты ізденісімен бізге өз бетімізше білім алуымызға толық жағдай жасап, ынтымақтастық орта құра білгенін көрдім. Әр әріптесіме сәттілік тілеймін! Тайбагарова Куаныш Курманжановна Ахмет Жубанов атындағы «№5орта мектеп» КММ
Шакуова Гульжазира Бимурзаевна
30.01.2026
Жунусова Айжан Кажымкановна
31.01.2026
Арипбаева Маирамкул Джаримбетовна
02.02.2026
Джунисбеков Ерлан
06.02.2026
Май
Болатова Арай Жумкеевна
07.02.2026
Ақылы кеңес
Мухамедьярова Майраш Кобеновна
Тренермен кеңескіңіз келетін сұрақты таңдаңыз
Пікірлер (108)