Досаева Нурфазила Сатылхановна
Талдықорған
4.9
Өзім жайлы
Профиль
Жетістіктер
Ақылы кеңес
Статистика
Өткізілген курстар:
2Курстан өткендер:
17Пікірлер:
2Байланыс
Пошта
nurfazila@mail.ruТренер туралы
Қайырлы күн! Мен Досаева Нұрфазила Сатылханқызы, Талдықорған қаласындағы ПШО филиалының шақыртылған, сертификатталған тренерімін. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында 2016 жылдан бері қызмет етіп, мол тәжірибеге ие болдым. «НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін, кәсіби құзіреттілігін арттыруға өз үлесімді қостым. ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, бірнеше мыңдаған педагогтердің жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімдерін көтеруге арналған курстар өткізіп тәжірибе жинақтадым. «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» (педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) педагогтердің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасы көлемінде тренерлік курстар өткізіп, тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыруға өз үлесімді қосып келемін. Курс тыңдаушылармен оқу кезеңінде тарихи ойлау дағдылары мен қатар кәсіби дәрежелерін практикамен ұштастыра оқытуға, білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату бағытына баса назар аудара отырып курстан кейін де тыңдаушыларыма қолдау көрсетіп отырамын. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізді, пәндік құзіреттіліктеріңізді арттыруды қамтамасыз ететін оқу курсына қатысуға шақырамын!
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
«Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Курстар
Ресурстар
Білім беру мазмұны және бағалау
СБОРНИК ЗАДАНИЙ ДЛЯ СУММАТИВНОГО ОЦЕНИВАНИЯ ПО ПРЕДМЕТУ ИСТОРИЯ ДЛЯ 5–7-Х КЛАССОВ
Баға:
1250 ₸
Менің кәсіби дамуым
Менің жарияланымдарым
Менің марапаттарым
Курсты бағалау: 4.9 - 26 бағалау
Оспангазиев Ербол Рахметович
26.06.2023
Нұрмұхан Ажар
29.06.2023
Едилбаева Айтолқын Айкынқызы
27.07.2023
Бахытжанова Әсель Бақытжанқызы
05.09.2023
Джиембаева Айнур Барлыкхановна
12.02.2024
Садакбаева Мадина Тилеулиновна
12.02.2024
Ахатова Жансая Ахатқызы
05.04.2024
Байбураева Мая Алимхановна
15.04.2024
Боқаева Жанар Амангелдіқызы
08.02.2025
Жумабаева Жадыра Мейрамбековна
10.02.2025
Берикова Лаура Ерболсыновна
25.02.2025
Сәлеметсіздерме! Сіздерге алғысым шексіз, қмж, ффункцияналдық сауаттылық, құндылық біраз нәрселер үйрендім.
Жаугашева Мехирбан Досмагамбетовна
04.03.2025
Карабаева Айсулу Хажимахаматовна
30.04.2025
Ахмадиева Гуляим Хамитовна
09.06.2025
Ораз Айдын Әмірбекұлы
25.07.2025
Абдирахманова Феруза Халмуратовна
22.08.2025
Маглумова Рыскул Нусуповна
22.08.2025
Мен Маглумова Рыскул 11.08.2025-22.08.2025ж аралығында Тренер Досаеа Нурфазила Сатылхановна өткізген "Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі" тақырыбында курсқа қатыстым. Курс мен үшін өте құнды әрі мазмұнды болды. Тарих және құқық пәндерін оқытудың өзектілігі мен маңызын терең түсініп, оқу үрдісінде қолдануға болатын нақты құралдармен таныстым. Практикалық тапсырмалар, талдаулар және кері байланыс ұйымдастыру әдістері де өте тиімді болды. Курс ұйымдастырушылары мен тренерлерге кәсіби әрі жүйелі жұмыстары үшін алыс білдіремін. Бұл курс менің педагогикалық құзыреттілігімді арттыруға көп көмегін тигізді.
Иманалинова Гульсим Рахметолдаевна
22.08.2025
Құрметті Нұрфазила Сатылхановна! Сізге шын жүректен алғысымды білдіремін! Бұл тарих курсы мен үшін өте құнды әрі әсерлі өтті. Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, білімге деген ықыласыңыз және жаңашыл әдістемелеріңіз бізге тың серпін берді. Сабақтарды ұйымдастырудағы жүйелілік, мазмұнның тереңдігі мен практикалық маңыздылығы ерекше ұнады. Тарих пәнінің маңызын жаңаша көзқараспен түсініп, оны оқушыларға тиімді жеткізудің жолдарын меңгердік. Сіз ұсынған әдіс-тәсілдер мен құралдар сабақ барысында қолдануға өте қолайлы. Әсіресе, дереккөздермен жұмыс істеу, тарихи ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар бізге үлкен көмек болды. Курс барысында өзара тәжірибе алмасып, әріптестермен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алғанымыз да маңызды болды. Бұл курс кәсіби дамуымызға үлкен үлес қосты деп сеніммен айта аламын. Сіздің әрбір сабағыңыздан шабыт алып, тарих пәнін оқытуға деген қызығушылығым арта түсті. Сіздің еңбегіңіз елеулі және біздің болашақтағы жұмысымызға зор әсер етеді. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен жылы қарым-қатынасыңыз үшін ерекше алғыс айтамын. Тағы да алғыс білдіре отырып, сізге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін! Тыңдаушы шәкіртіңіз: Иманалинова Гульсим Рахметолдаевна
Атымтаева Мөлдір Мырсағатқызы
23.08.2025
Құрметті Досаева Нурфазила Сатылхановна,бізе уақыт бөліп пайдалы біліміз бен тәжірибеңіз үшін үлкен алғыс айтамын.Сіздің сабағыңыздан көп нәрсе үйрендім.Сабақтарыңыз шабыт беріп алға ұмтылуға жол ашты.Осындай мейірімді де білікті ұстазымның болғанына қуаныштымын. Алдағы еңбегіңіз жемісті болып шәкірт тәрбиелеу жолында әрқашан қуаныш пен бақытқа бөлене беріңіз. Тыңдаушы шәкіртіңіз:Атымтаева Мөлдір Мырсағатқызы №23 мектеп-лицейі
Нышанова Гүлзира Алиқызы
18.10.2025
Имангалиева Сандугаш Батырхановна
03.11.2025
Усенкызы Роза
20.11.2025
Нурфазила Сатылхановнаға рахмет🌸👍🏻 Кәсіби білікті ұстаз!
Махмұтова Айзада Амангелдіқызы
02.12.2025
Тараханова Камка Бекмурадовна
03.12.2025
Иззаева Мадина Акмалжановна
05.12.2025
Бейсенбиева Меруерт Дулатқызы
14.01.2026
Ақылы кеңес
Досаева Нурфазила Сатылхановна
Тренермен кеңескіңіз келетін сұрақты таңдаңыз
Пікірлер (26)