Абраимова Еркежан Мураткановна

Өскемен

5.0

Өзім жайлы

Статистика

Өткізілген курстар:

2

Курстан өткендер:

41

Пікірлер:

2

Байланыс

Пошта

erkezhan.abraimova@mail.ru

Тренер туралы

Мен, Абраимова Еркежан Мураткановна 1988 жылы 1 қарашада ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылында дүниеге келдім. 2008 жылы "Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі" мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін, 2011 ж. "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2017 жылы Омбы гуманитарлық академиясын аяқтап "Педагогика ғылымдарының магистрі" ғылыми дәрежесін алдым. Еңбек жолым өзім оқыған мектептен басталды. 1.09.2008-27.01.2017 жылдары ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, 1.09.2015-27.01.2017 жылдары ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін, 30.01.2017-08.07.2022 жылдары ШҚО, Ұлан ауданы, Сағыр ауылы «А.С. Пушкин атындағы орта мектебі» КММ мектеп директоры, ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқардым. 2022 жылдан бері ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ директор және ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқарудамын. Ағылшын тілі пәнінің "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты және мектеп басшысының "үшінші" біліктілік санатым бар.

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

Мектептегі ағылшын тілі сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары

«Ағылшын тілі» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау

Ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

Курстар

Онлайн

Топ құрылуда

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі

80 ак.сағат Ағылшын

Басталуы:

17.02.2025

22 000 ₸