«Сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу» – педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға, кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған практикалық семинар-тренинг.
Семинар барысында қатысушылар Lesson Study және Action Research әдістерінің негізгі кезеңдерімен танысып, зерттеу тақырыбы мен сұрағын анықтау, дерек жинау, талдау және зерттеу нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын меңгереді.
Практикалық жұмыстар арқылы педагогтер өз тәжірибесін зерттеуді, зерттеу нәтижелері негізінде тиімді педагогикалық шешімдер қабылдауды және ғылыми мақала дайындауды үйренеді.