Авторлар: Қазығұлова Г.Я., Елікбаева А.М., Арынов Б.Т., Нұрханова Л.С.,
Жаңабаева Ж.Е.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2018
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мұғалімге көмек
ISBN 978-601-328-536-8
Қазығұлова Г.Я.
Мұғалім тәжірибесіндегі іс-әрекеттегі зерттеу: әдістемелік нұсқаулық/Г.Я. Қазығұлова, А.М. Елікбаева, Б.Т. Арынов, Л.С. Нұрханова, Ж.Е. Жаңабаева. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018. – 64 б.
ISBN 978-601-328-536-8
Әдістемелік нұсқаулық мектеп мұғалімдеріне сыныпта немесе мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді басқаруға, жоспарлауға және іске асыруға қатысты көмек және бағыт-бағдар ұсынады. Әдістемелік нұсқаулықта практик мамандар іске асырған «Кеңейтілген аймақтық іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісі және бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің тиімді жолдары қамтылған. Осы нұсқаулық арқылы мұғалімдер сыныптағы оқу мен оқыту үдерісінде кездескен кедергілерді анықтап, шешуге және кәсіби маман ретінде өзінің тәжірибесін дамытуға мүмкіндік алады. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдерінің теориялық және тәжірибелік бөлімінің қамтылуы мұғалімдер үшін аса құнды материал болып табылады. Әдістемелік нұсқаулық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, кәсіби біліктілікті арттыру курсын жүргізуші тренерлерге, курс тыңдаушылары мен жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған оқу бағдарламасы аясында жұмыс істейтін мұғалімдеріне, педагогикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын ЖОО оқытушылары мен педагогикалық колледждердің мұғалімдеріне арналады.