Авторлар: Абакиева Л.Е., Алимгалиева А.Е., Тажекенова Г.М., Искалиева Ж.Ж., Сапарова А.М.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
ISBN 978-601-328-945-8
Абакиева Л.Е.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: 4К моделі, саралау және бағалау/Л.Е. Абакиева, А.Е. Алимгалиева, Г.М. Тажекенова, Ж.Ж. Искалиева, А.М. Сапарова. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 60 б.
Әдістемелік ұсынымда жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне енгізілуіне байланысты дәстүрлі оқу қызметін ұйымдастырудағы жаңартулардың идеялары және ерекшеліктері бағдарлама мазмұнына сәйкестендіріле айтылды. Мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) педагогтерінің басты тәжірибеде сүйенетін құралы ұйымдастырылған оқу қызметі болғандықтан, «Оқу қызметінің жоспары қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап және оқу қызметінде басшылыққа алынатын теориялық мәліметтерден шағын дәрістік ақпараттар кіріктірілді. Бұл құралдың мақсаты ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсатына негізделген тапсырмаларды балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бағыттап дайындау, балалардың мүмкіндіктерін ескеріп, сараланған тапсырмаларды қолдану туралы және бағалаудың ең тиімді жолы кері байланыс арқылы дамыту екендігіне басымдық беру туралы болды. Курстан өткен педагогтердің ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарлары әдіс-тәсілдерге шолу жасау және қажеттісін пайдалануға үлгі ретінде, сонымен қатар келесі курстарда талдауға материл ретінде ұсынылып отыр. Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі мекеме әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналады және біліктілік арттыру курстарында көрнекі материал ретінде қолдануға болады.