Автор: Ибрагимов Д.Қ.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: орта білім беру мазмұнын жаңарту
ISBN 978-601-328-949-6
Ибрагимов Д.Қ.
Тарих пәні: оқуды жоспарлау/Д.Қ. Ибрагимов. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 70 б.
Оқу құралында конструктивті білім беру идеясына сай пән бойынша сабақты жоспарлау әдістемесі, жаңартылған білім беру мазмұнына сай пәнді оқытудың ерекшеліктері, сабақтың әр кезеңінің бір-бірімен сабақтастығы мен өзіндік байланысы, құрылымы жүйелі бірізділікпен көрсетіліп, мысалдармен баяндалады. Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарының, бағалау критерийлерінің, сонымен қатар функционалдық сауаттылыққа негізделген педагогикалық мақсаттардың түрлі тұжырымдамалық тәсілдері, формалары, оқыту принциптері қарастырылады. Оқуды жоспарлауда қолданыстағы базалық нормативті құжаттар мен әдістемелік құжаттарды қолданудың тиімді жолдары мен маңыздылығын қамтиды. Сабақты жоспарлауда мұғалімдер үшін маңызды әдіснамалық мағлұматтар мен тәсілдер кеңінен қамтылады.
Оқу құралы гуманитарлық пән мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны, колледж студенттеріне, педагогикалық сала қызметкерлеріне, біліктілікті арттыру жүйесінің тыңдармандарына арналған.