Авторлар: Қазығұлова Г.Я., Сансызбаева Ж.Т., Нурпеисова Қ.Т., Сұлтанбекқызы С., Канаева А.Ж., Жаканбаева А.Д.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: зерттеу
ISBN 978-601-348-067-1
Қазығұлова Г.Я.
Қалай оқу керектігін үйренуде скаффолдинг тәсілін тиімді қолдану/Г.Я. Қазығұлова, Ж.Т. Сансызбаева, Қ.Т. Нурпеисова, С. Сұлтанбекқызы, А.Ж. Канаева, А.Д. Жаканбаева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 60 б.
Осы нұсқаулықта мұғалімдерге оқушылардың сыныптағы оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін кедергілерін анықтап, оқушылардың қажеттілігіне қарай олардың дербестігін, өзіндік реттелуін қалыптастыруға ықпал ететін скаффолдинг түрлерін тиімді пайдалану жолдары ұсынылған.
Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты – «Қалай оқу керектігін үйрену» дағдыларын дамытуға арналған скаффолдинг тәсілдерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Әдістемелік нұсқаулықта Талдықорған қаласы № 14 орта мектеп-гимназиясында жүргізілген «Мектептің кеңейтілген Іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісінің ұйымдастырылуы, мұғалім тәжірибелерінің тиімді жолдары және нәтижесі қамтылған.
Әдістемелік нұсқаулық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, кәсіби біліктілікті арттыру курсын жүргізуші тренерлерге, курс тыңдаушыларына, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, жаңаратылған оқу бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге, педагогикалық мамандықтар бойынша даярлайтын ЖОО оқытушыларына және педагогикалық колледж мұғалімдеріне арналған.