Автор: Сапарова А.К.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Сапарова А.К.
Мектеп тәжірибесіндегі геймификация: әдістемелік ұсыным/А.К. Сапарова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 50 б.
ISBN 978-601-348-440-2
Әдістемелік ұсынымда оқытуды белсендендіруге бағытталған білім берудегі әлемдік трендттердің бірі – ойын мен геймификацияны мектеп тәжірибесіне жобалық жұмыс ретінде енгізу тиімді тәжірибе ретінде қарастырылады. Әдістемелік ұсынымның мақсаты мұғалімдердің ақпаратты құзырлылығына негізделе отырып; мектепте әріптестер арасында командалық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін геймификацияланған дағдыларды дамытуды көздейді. Әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымы басшылары мен педагогтеріне арналған.