Автор: Оспанов Е.Т.; Шегебаева В.С.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Оспанов Е.Т.
Дивергентті ойлау: Не? Қалай? Неліктен?: әдістемелік нұсқаулық/ Е.Т.Оспанов; В.С. Шегебаева. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 60 б.
ISBN 978-601-348-447-1
Әдістемелік нұсқаулық мұғалімдер мен оқушылардың дивергентті ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін теориялық аспектілер; тиімді әдіс-тәсілдер мен тәжірибелік кеңестерді ұсынады. Нұсқаулық авторларының мақсаты – білім алушылардың дивергентті ойлау дағдыларын жетілдіру бағытында оқытушылар мен мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.
Ұсынылған әдістемелік нұсқаулық оқушылардың метатанымдық қабілеттерін дамыту бағытында шығармашылық ойлау; проблемалық оқыту; конвергентті және дивергентті ойлау ерекшеліктері; олардың ұқсастығы мен айырмашылығы; дивергентті ойлауды жетілдіруге арналған тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдер іздеушілерге пайдалы көмекші құрал ретінде; жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне; оқушыларына және жоғары/арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған.