Автор: Раисова К.Б.; Тюлюпбергенов Р.К.; Қалиева А.Б.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалім тәжірибесінен
Раисова К.Б.
Прогрессия және дифференциалдық теңдеулер. Есептер жинағы: практикум/К.Б. Раисова; Р.К. Тюлюпбергенов; А.Б. Қалиева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 54 б.
ISBN 978-601-348-394-8
Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәні бағдарламасына бірнеше жаңа тараулар енгізілді. Мұғалімдерге жүргізілген сауалнама нәтижесінде жаңартылған білім беру бағдарламасының кейбір тараулары пән мұғалімдері үшін қиындық туғызатыны анықталған еді. Мұғалімдердің сабақтағы оқу қызметін ұйымдастыру барысындағы жұмыста осы тараулар мен жаттығулар зерделеніп; күрделілігі жоғары теориялық материалдар мен есептерді талдау қарастырылған.
Мұғалімдерге арналған практикум сабақты ұйымдастыруда мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтады және әртүрлі форматтағы оқу кезінде екі жақтың да өз білімінің сапасын көтеруге көмегін тигізеді.