Автор: Дильманов Б.К.; Абилгазиева К.Ж.; Тұтқышбаева Г.Ж.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Дильманов Б.К.
Тарих сабағында оқушылардың картографиялық дағдыларын дамыту: әдістемелік нұсқаулық/Б.К. Дильманов; К.Ж. Абилгазиева; Г.Ж. Тұтқышбаева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 68 б.
ISBN 978-601-348-338-2
Оқушылардың тарихи картамен жұмыс істеуі оқытудың маңызды компоненті ретінде қарастырылады. Бұл үдеріс оқушылардың картографиялық; уақыт пен кеңістікке бағдарлану дағдыларын дамытуды талап етеді. Дегенмен бұл барлық оқушының қолынан келе бермеуі мүмкін.
Әдістемелік нұсқаулықта тарихи карталардың зерттеу негіздері; оқушылардың тарихи кеңістіктегі түсініктерін қалыптастыру; тарихи картаның танымдық әлеуетін пайдалану мәселесі зерделенген. Оқушылардың картографиялық дағдыларын дамыту мақсатында тапсырма мысалдары; әдіс-тәсілдері; картографиялық ойындар; тарих сабағында картаны қолданудың шетелдік тәжірибесі мұғалімдерге қолдау көрсету үшін ұсынылған. Әдістемелік нұсқаулық тарих пәнінің мұғалімдеріне оқу үдерісін жоспарлауда көмекші құрал ретінде пайдалануға арналған.