Автор: Сағадиева К.Б.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Басшыларға көмек
Сағадиева К.Б.
Жетекші мектеп – серіктес мектеп қоғамдастығы: әдістемелік ұсыным/К.Б. Сағадиева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 42 б.
ISBN 978-601-348-395-5
Әдістемелік ұсынымда мұғалімдердің желілік қоғамдастықтары педагогтерді әдістемелік қолдау құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Жұмыстың мақсаты – жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы әдістемелік қолдауды нығайту үшін құрылатын желілік қоғамдастық модельдерімен таныстыру. Бұл әдістемелік ұсыным кәсіби мұғалімдер қоғамдастығын құру және дамыту қағидаттары негізінде мұғалімдердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыруда қолдану үшін білім бөлімдерінің әдіскерлері; мектеп әкімшіліктері; мектеп белсенділері және мұғалімдер үшін әзірленген.