Автор: Раисова К.Б.; Қалиева А.Б.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Басшыларға көмек
Раисова К.Б.
Тиімді көшбасшылық: әдістемелік ұсыным/К.Б. Раисова; А.Б. Қалиева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 50 б.
ISBN 978-601-348-399-3
Әдістемелік ұсынымды тиімді көшбасшылық арқылы мұғалімдердің ынтымақтастық ортасын қалыптастыру жұмысын жүйелі жүргізу мақсатында қолдануға болады. Бұл жұмыс шетелдік әріптестерден алынған теориялық білімді бірнеше мектептің пән мұғалімдері арасында пайдалана отырып жинақталған тәжірибе мен оның қорытындылары негізінде жазылған. Аталған ұсыным білім беру мекемелерінің басшыларына; оқу ісінің меңгерушілеріне; бірлестік жетекшілеріне; ұстаздарға; педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.