Автор: Раймқұлова Ж.Т.; Тұяқбаева Г.А.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2022
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Зерттеу
Раймқұлова Ж.Т.
Оқушылардың өзін-өзі реттеуін қалай тиімді дамытамыз: әдістемелік құрал/Ж.Т. Раймқұлова; Г.А. Тұяқбаева. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы; 2022. – 120 б.
ISBN 978-601-348-448-8
Әдістемелік құрaлда мектептердің онлайн оқыту форматына көшкенннен бастап тәжірибеге енген «Төңкерілген сынып» тәсілінің оқушылардың оқуына; өзін-өзі реттеуіне; өз оқуы үшін жауапкершілікті алуына әсері теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылады. Құрaстырушы авторлар аралас оқу және «Төңкерілген сынып» тәсілін бірінші бөлімде зерттеген; зерттеудің жалғасы ретінде ұсынылып отырған екінші бөлімде «Төңкерілген сынып» тәсілі барысында оқушылардың өзін-өзі реттеуін дамытудың маңыздылығы мен тиімді жолдарына қатысты ойларымен бөліседі. Өзін-өзі реттеу дағдысы туралы теориялық аспектілер қарастырылып; тәжірибелік бaғытта тиімді ұсынымдар беріледі және НЗМ педагогтерінің «Төңкерілген сынып» тәсілімен әзірленген сабақ жоспарлары ұсынылады.
Құралдың мақсаты – «Төңкерілген сынып» тәсілін тәжірибеге енгізуде оқушылардың өзін-өзі реттеуін қaлыптастыру бағытында мұғалімдерге теориялық; ұйымдастырушылық; әдістемелік бағытта қолдау көрсету және белсенді тәсілдерді ұсыну. Мұғалімдерге тәжірибеде оқушыларының өзін-өзі реттеуін және өз бетімен оқуын дaмытулары үшін тиімді стрaтегияларды ұсынады. Әдістемелік құрал жаңа тәсілдер арқылы оқытуды назарға алатын мамандарға; мұғалімдерге және әдіскерлерге; ата-аналарға арналған.