Авторлар: Камалова С.Т., Джансугирова Ж.Д., Абдраманова К.Т.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2019
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мұғалімге көмек
Камалова С.Т.
EQ: балаларды өз эмоциясын басқаруға үйрету/С.Т. Камалова, Ж.Д. Джансугирова,
К.Т. Абдраманова. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2019. – 52 б.
Әдістемелік құралда эмоциялық зият түсінігі және оның тұлға дамуындағы рөлі қарастырылады. Құралдың негізгі идеясы – эмоциялық зият оқушының табысты болуына, академиялық жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін мықты ресурс. Эмоциялық зият өзіндік сана, ынталандыру, өзін-өзі реттеу, тиімді коммуникация және эмпатия компонентерінің негізінде көрсетілген. Құралда көшбасшылық пен эмоциялық зияттың өзара байланысының теориялық аспектілері, ақыл-ой әрекетінің тиімділігін арттыруда эмоцияны қолдану мәселелері қозғалған. Әдістемелік құрал мектеп психологтеріне, әлеуметтік педагогтерге, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған.