Авторлар: Балтабекова Р.Т., Нұрмағамбетова Н.А., Талипова Б.А.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2018
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
ӘОЖ 371.3
КБЖ 74.00
Балтабекова Р.Т.
Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы: әдістемелік жинақ./Құраст. Р.Т. Балтабекова, Н.А. Нұрмағамбетова, Б.А. Талипова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018. – 130 б.
Бұл әдістемелік жинақ жалпы орта білім беретін мектептердегі «Қазақ тілі» (бірінші тіл ретінде – Т1) оқу пәні бойынша (негізгі орта білім беру деңгейі) жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Әдістемелік жинақта мұғалімдерге сабақты жоспарлаудың, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын, олардың критерийлері мен дескрипторларын құрастырудың үлгілері ұсынылған.
Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ жалпы білім беретін мекемелердің қызметкерлеріне, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне, жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің түлектеріне арналған.