Авторлар: Бейсебаева У.Ж., Нуржаутов С.Д.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2018
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мұғалімге көмек
ISBN 978-601-328-525-2
Бейсебаева У.Ж.
Тимбилдинг жаттығулары – тиімді қарым-қатынас тәсілі: әдістемелік нұсқаулық/ У.Ж. Бейсебаева, С.Д. Нуржаутов. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018. – 54 б.
Әдістемелік нұсқауда білім берудегі бірлескен топтың принциптері, құндылықтары, құрамы, ынталандыру және басқару формасы, динамикалық даму деңгейі және бірлескен топты құрудың жолы – тимбилдинг тарихы теориялық тұрғыда зерделенген. Сонымен бірге жаңартылған білім беру мазмұны аясында курстан өткен мұғалімдерге бейімдеу жүргізілген іріктелген тимбилдинг жаттығулары мен қатысушының рефлексиясы ұсынылған. Бірлескен топты құруға оң ықпал ететін қазақтың ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары да берілген.
Әдістемелік нұсқау жалпы орта мектептің мұғалімдері мен әкімшілігіне, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп жасаған білім беру бағдарламалары бойынша курс тренерлеріне, ЖОО және колледж оқытушыларына арналған.