Авторлар: Камалова С.Т., Абдраманова Қ.С.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2018
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мұғалімге көмек
Камалова С.Т.
Сындарлы оқыту: метатанымдық дағды мен өзін-өзі реттеуді дамыту: әдістемелік нұсқаулық/С.Т. Камалова, Қ.С. Абдраманова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018 – 60 б.
Әдістемелік нұсқаулықта заманауи педагогикалық талаптарға сәйкес білім алушылар мен мұғалімдердің құзыреттіліктерін арттыру мәселелері қарастырылады. Авторлар сындарлы оқыту теориясының маңызды аспектілеріне талдау жасап, конструктивизм өкілдерінің сындарлы көзқарастарына тоқталады. Оқушылардың метатанымдық мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу, рефлексия дағдыларын дамыту туралы теориялық негіздемелер мен тәжірибелік ұсынымдар беріледі. Сыныпта сындарлы оқытуды ұйымдастыруға қажетті құралдар мен педагогикалық тетіктерді қолдануға қатысты әдістемелік бағыт-бағдар ұсынылған.
Ұсынылған әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне және жоғары/арнаулы оқу орындарының оқытушыларына арналған.