Автор: Л.Е. Абакиева, Д.Ж. Жалетова
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2016
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Орта білім мазмұнын жаңарту
Абакиева Л.Е.
Орта білім мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде мақсаттардың, мүмкіндіктер мен оқу тапсырмаларының триангуляциясы: әдіст. құрал/Л.Е. Абакиева, Д.Ж. Жалетова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 40 б.
ISBN 978-601-7916-09-1
Аталған оқу құралының бірінші бөлімінде жаңартылған білім мазмұнын 1-сыныпқа апробациялаудағы ерекшеліктері мен оны тәжірибедегі дамыту тұстарына бағытталған ұсыныстар жазылады. Оқыту үдерісінде ескерілетін оқу мақсаты мен оның оқыту тапсырмаларына сәйкестігі және оқушылардың мүмкіндіктерін назардан тыс қалдырмау қажеттілігі айтылады. Екінші бөлімінде мұғалімдердің жоғарыда аталған негізгі аспектілерді ескере отырып құрастырған сабақ жоспарлары қосымша беріледі.
Әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.