ТИІМДІ КОУЧИНГ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

750₸

Авторлар:

Л.Е. Абакиева, Е.И. Асетова , Абакиева Лилия Елемесовна

Тіл:

Қазақша

Басылым жылы:

2017

Бет саны:

40

ISBN:

-

Категория:

Оқыту әдістемесі мен технологиялары

Жылдық жазылым – барлық ресурстарға қол жеткізу

Сипаттамасы

Автор:  Л.Е. Абакиева, Е.И. Асетова

Түпнұсқа тілі: қазақ

Басылған жылы: 2017

Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

Рубрика: Мұғалімге көмек

 

ӘОЖ 37.0

КБЖ 74.00

 

Абакиева Л.Е.

Тиімді коучинг ұйымдастырудың тәсілдері: теория және тәжірибе: әдістемелік құрал/Л.Е. Абакиева, Е.И. Асетова: Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2017.– 40 б.

 

Заманауи мектепке кәсіби құзыретті, өз бетінше ойлай алатын, педагогикалық инновацияларды мектептегі әріптестеріне жеткізе алатын және ынтымақтастықта жұмыс ұйымдастыру үшін қажетті қарым-қатынас дағдыларын меңгерген білікті мұғалім қажет. Мұғалімдердің коучинг жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгеруі және оны әріптестерімен жұмыста қолдана білуі мұғалімдер арасында ынтымақтастықты қалыптастыру мен кәсіби өсу үдерісін терең түсінудің тиімді құралы болып табылады.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда коучингтің тарихи тұрғыдан ерекшеліктері, оның терминінің спорттан бастау алып, білім беру саласында қалыптасу жолдары туралы ақпарат жинақталып, жүйеленген. Әдістемелік құралда ұсынылған коучинг сабақтарының жоспарлары деңгейлі бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған.