Авторлар: Ж.Т. Раймқұлова, Г.А. Тұяқбаева
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2021
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Зерттеу
Раймқұлова Ж.Т.
Аралас оқу және «төңкерілген сынып» тәсілі: әдістемелік құрал/ Ж.Т. Раймқұлова, Г.А. Тұяқбаева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021. – 76 б.
ISBN 978-601-348-192-0
Әдістемелік құралда аралас оқу мен «төңкерілген сынып» тәсілі ғылымның бір бағыты ретінде теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылады. Авторлар аралас оқу мен «төңкерілген сынып» тәсілінің оқушылардың академиялық жетістіктерге жету жолындағы маңыздылығы, шетел тәжірибелерінің нәтижесі негізінде жаңа тәсілді еліміздің білім беру жүйесінде дамыту қажеттілігі туралы ой бөліседі.
Бұл жұмыстың мақсаты – әлемдік тәжірибеде тиімді деп танылған «төңкерілген сынып» тәсілін еліміздегі мектептерге енгізуде мұғалімдерге теориялық, ұйымдастырушылық, әдістемелік бағытта қолдау көрсету және белсенді тәсілдерді ұсыну. Мұғалімдерге тәжірибеде оқушыларының өз бетінше жұмыс істеу және зерттеушілік дағдысын дамытулары үшін тиімді стрaтегияларды ұсынады.
Әдістемелік құрал жаңа тәсілдер арқылы оқытуды назарға алатын мамандарға, мұғалімдерге және әдіскерлерге, ата-аналарға арналған.