Автор: Г.Я. Қазығұлова
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2021
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Қазығұлова Г.Я.
Геймификация әдісін оқытуда қолдану: әдістемелік нұсқаулық/Г.Я. Қазығұлова, М.А. Сатаев, А.М. Елікбаева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021. – 54 б.
ISBN 978-601-348-196-8
Бұл әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне тиімді оқыту ортасын белсенді үдеріске айналдыра отырып, қазіргі заманауи технологияның мүмкіндігін, оның ішінде геймификацияны оқу нәтижесіне қол жеткізу, білім алушыларды ынталандыру және өз бетінше білім алуға жетелеу құралы ретінде қарастырылады. Аталған нұсқаулықта оқушылардың зейіні мен білімін арттыру үшінгеймификацияның оқудағы артықшылықтары, тиімділігі және қолдану жолдары қамтылған.
Осы нұсқаулық арқылы мұғалімдер сыныптағы оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың белсенділігі барысындағы кездескен кедергілерді анықтауға, геймификацияға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәсілдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Әдістемелік нұсқаулық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, кәсіби біліктілікті арттыру курсын жүргізуші тренерлерге, курс тыңдаушыларына және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне және жаңаратылған оқу бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге, педагогикалық мамандықтар бойынша даярлайтын ЖОО оқытушыларына және педагогикалық колледж мұғалімдеріне арналады.