Авторлар: Калгинбаева Ж.С., Сыздықбаева Р.Г., Бейсебаева У.Ж., Айтжанова А.Қ.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2021
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Калгинбаева Ж.С.
Эмоциялық зиятты қалай дамытамыз: әдістемелік ұсыным/Калгинбаева Ж.С., Сыздықбаева Р.Г., Бейсебаева У.Ж., Айтжанова А.Қ. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021. – 76 б.
ISBN 978-601-348-172-2
Әдістемелік ұсынымда эмоциялық зият ұғымына мән беріліп, эмоциялық зиятпен оқыту маңыздылығына, тиімділігіне назар аударылған. Сонымен бірге эмоциялық зияттың шетелдік ғылыми негіздемелері мен М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтың осы тақырып бойынша зерттеулері берілген. Мұғалім мен оқушы арасындағы эмоциялық қарым-қатынасты құру, эмоциялық ортаны жоспарлау мектеп қабырғасындағы жайттар ауқымында қаралған. Мұғалім ретінде қашықтан оқытудағы әлеуметтік-эмоциялық дамудың құралдары ұсынылған. Аталған тақырыптар аясы мұғалімнің өз кәсібін жақсартуға және эмоциялық күйреуді болдырмауға септігін тигізеді. Өзінің тәжірибесіндегі қиын жағдаяттар не себепті орын алатынын түсінуге жол ашады.
Әдістемелік ұсынымда оқушы мен мұғалім бойындағы жоғары эмоциялық зият арқылы оқу мен оқыту үдерісінде жетістіктерге қол жеткізуге болатыны көрсетілген.
Әдістемелік ұсыным мектеп мұғалімдеріне, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушыларына,тренерлерге арналған.