Автор: А.С. Тоқтағанова
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2021
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Тоқтағанова А.С.
Оқылым дағдысын дамыту мен бағалау: әдістемелік ұсыным/Тоқтағанова А.С. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021. – 56 б.
ISBN 978-601-348-168-5
Әдістемелік ұсынымда енгізілген материалдар жалпы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және түрлі деңгейдегі әдістемелік қызмет ұйымдарының әдіскерлеріне оқыту үдерісінде оқылым дағдысын қалыптастыру, дамыту және бағалау әрекетін ұйымдастырудың маңызын терең түсіндіріп, тәжірибелік дағдысын дамытуға ықпал етеді. Ұсынымда оқылым дағдысына қажетті мәліметтер: оқыту үдерісіндегі оқылым дағдысының маңызы, ерекшеліктері мен дағдыны дамытуға арналған әдістер және бағалауға арналған тапсырмалар: құрылымдар мен кестелер, бір сыныпқа арналған тапсырма үлгілері ұсынылды.