Авторлар: Ибраева А.Р., Адильжанова Д.А.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мұғалімге көмек
ISBN 978-601-328-946-5
Ибраева А.Р.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақты жоспарлау/А.Р. Ибраева,
Д.А. Адильжанова. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 54 б.
Ұсынылған жұмыста жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақты жоспарлауға назар аударылады. Жоспарлау ұғымының мәні мен маңыздылығы қарастырылып, сабақты жоспарлаудың теориялық негізі ұсынылады. Жоспарлаудың «Кері дизайн» әдісінің 3 кезеңі түсіндіріліп, мағынасы сипатталды. Ұзақ мерзімді жоспарларында көрсетілген оқу мақсаттарының негізінде сабақты жоспарлаудың 10 қадамы сипатталып, қосымшада сабақ жоспарларының үш тілдегі үлгісі берілген. Әдістемелік құрал білім беру саласында жұмыс істейтін пән мұғалімдеріне, жаңа бағдарламалардың іске асырылу механизміне қызығушылық танытқан кез келген адамға көмекші кешен болып табылады.