Автор: Қ.С. Абдраманова, Ж.Д. Жансүгірова
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2021
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Абдраманова Қ.С.
Тілдік дағдыларды дамыту: айтылым: әдістемелік құрал/Абдраманова Қ.С., Жансүгірова Ж.Д., Дәрібай П.Д. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021. – 64 б.
ISBN 978-601-348-166-1
Әдістемелік құралда тіл пәндерін оқытуда тілдік дағдылардың ішіндегі ең күрделісі ретінде айтылым дағдысының ерекшеліктеріне қатысты ақпараттар ұсынылған. Тіл пәндерінің мұғалімдері айтылым дағдысымен жұмыс істеуге қажетті әдіс-тәсілдер, тапсырмалар және теориялық негіздемелермен танысады. Жоспарлау және тапсырма құрастыруда айтылым дағдысы бойынша оқу мақсаттарының талдауы, оқыту үдерісінде басқа тілдік дағдылармен бірге айтылымды біріктіріп ұйымдастырылуы және коммуникативті құзыреттілікті дамытудың тиімді жолдары бойынша ұсынымдар берілген. Әдістемелік құрал тіл пәндерінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған.